banner-top12

Ақпараттар ағымы 46d329b108de8307447a498d852996db (1)

Қосқан уақыты Қараша 13, 2017 | 369 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан жаңа әліпби қолданатын болды 

Қазақстан Үкіметі үкімет тексеріп бекіткен латын графикасына негізделген қазақ жазуы әліпбиін жыл соңынан бұрын қолданысқа енгізіп, орыс тіліне жуық келетін кириллица әліпбиінен қол үзбек. Жоспар бойынша, келер жылы жаңа оқулықтар құрастырылып, 2025 жылы үкіметтік құжаттарды толығымен жаңа әліпби бойынша дайындау іске асырылмақ.

Қазақ тілі -Қазақстандағы тұлғалық ұлт қазақ ұлты қолданатын тіл, үкіметтің жазу реформасын талқылағанына көп жыл болды, президент Н. Ә. Назарбаев 27 қазанда қатысты үкімет жарлығына ресми қол қойды. Үкімет жақ: жазу реформасы негізінен қазақ тілін «осызамандандыру» үшін жүргізілді, _ – деп отыр.

Қазақ тілінде өткен ғасырдың 20 жылдарында араб жазуы негізіндегі төте жазу қолданылған, 20 жылдардан 40 жылдарға дейін латын жазуы негізіндегі қазақ жаңа жазуы қолданылған, 40 жылдардан бастап орыс тілі негізіндегі кириллица әліпбиі қолданылған. Совет одағы ыдыраған соң қазақ тілі Қазақстанның мемлекет тілі болды, орыс тілі мемлекет органдары мен жергілікті органдардың ресми тілі болды. Қазақ ұлтын қамтыған көптеген Қазақстандық қазіргі күнде де орыс тілінде сөйлеуді ұнатады.

Қазақ тілінде қазір қолданылып отырған кириллица әліпбиінде 33 орыс тілі таңбасы және 9 қазақ тілі таңбасы бар, латын жазуында 26 таңба ғана бар. Міне, бұл «Қазақстанша» латын әліпбиінің толықтырылу жағдайында ғана қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне анағұрлым сай келе алатынын аңғартады. Үкімет келер жылы оқытушыларды тәрбиелеу және жаңа оқулықтарды құрастыру жұмысын бастайды. Жаңа нұсқадағы латын әліпбиі қолданылған соң Қазақстанның мемлекет аты ағылшын тілінде «Kazakhstan» деп жазылмай, «Qazaqstan» деп жазылатын болады.

Кейбіреулер жазу реформасында «Совет одағы мен Ресейдің ықпалынан арылу» дейтін саяси мақсат бар деп отыр. Алайда Қазақстанның ақпарат дәнекері 30 қазанда Ресейдің бас елшісі Михайл Бочарниковтың сөзінен цитат келтіріп былай деді: Ресей тәуелсіз Қазақстанның алдағы уақытта мемлекеттік тілді латынға көшіру туралы шешіміне түсіністікпен және құрметпен қарайды.

Михайл Бочарников дәріптеп былай деді: Қазақстан үкіметінің позиция білдіруінше, орыс тілінің ресми тілдік орны ықпалға ұшырамайды, Қазақстанның орта мектептерінде орыс тілі «белгіленген тіл» ретінде оқытыла береді, Қазақстан үкіметінің басшылығы орыс тілін ел азаматтарының еркін меңгеруін Қазақстанның маңызды мәдени басымдығы ретінде қарастырады.

Бұл хабар Шыңжаңдағы қазақша басылымдардың бірі «Іле кеші» газетінде газет қызметкері Сенбек Әуесқанұлының аудармасымен 2017 жылы 7 қарашада жарияланып, жаңа әліпби төте жазу үлгісінде қоса берілді.

 

Сенбек Әуесқанұлы,

ҚХР, Шинжиаң, Құлжа қаласы

2017 жылы 9 қараша




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑