banner-top12

Ақпараттар ағымы v6a1778

Қосқан уақыты Қыркүйек 20, 2016 | 427 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан ЖОО-ның ең үздік 1000 студенті Универсиаданың алау ұстаушылары атанады

v6a1770 v6a1809

Олимпиада ойындарының қаһармандары Д.Баландин және Д.Шәкімова Универсиада елшісі атанды

1 қыркүйектен бастап, Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алауын ұстаушыларды іріктеу басталды. Алау ұстаушылар Қазақстанның студенттері арасынан таңдалады.

2017 жылғы Универсиаданың алауын ұстаушылардың арасында Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлері де бар. Атап айтсақ, 2016 жылғы Рио-Де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен  Рио-Де-Жанейро Олимпиадасыныңқола жүлдегері Дариға Шәкімова бар. Олар бірінші болып, алауды ұстап шығады.

Бұдан бөлек, Дирекция кеңсесінде Дмитрий Баландин мен Дариға Шәкімоваға 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың елшілері екенін растайтын сертификаттар берілді.

«Универсиада елшілері – өздерінің іс-әрекеттері мен өмірлік жетістіктерімен өзгеге үлгі бола отырып, Универсиаданы қолдап, насихаттауға атсалысатын тұлғалар.  Біз, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің алғашқылардың бірі болып, елші атанып жатқанына қуаныштымыз»,-деді .  2017 жылғы Универсиада дирекциясы басшысы Наиль Нуров.

Өз кезегінде, Дмитрий Баландин 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың елшісі атанғанына қуанышты екенін жеткізіп, оның мәртебе екенін айтады.

«Универсиада елшісі атануыма мүмкіндік бергендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен өзім, былтыр жазғы Универсиадаға қатысып, аталған жарысты ұйымдастыру оңай емес екеніне көз жеткіздім. Сондықтан, Универсиаданың менің туған қаламда өтетініне, сол жарыста алау ұстайтынымды өз басым мәртебе деп санаймын.  Қолымнан келгенінше, Универсиаданы алық арасында насихаттауға барымды саламын», – деді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

 

Универсиада дирекциясының хабарлауынша, алауды алып жүретіндер тек олимпиадашылар ғана емес, негізгі басымдық ЖОО-ның студенттеріне беріледі. Алау ұстаушы атану үшін 17-28 жас аралығындағы ең үздік студенттер таңдалынады. Басымдық спорт, ғылым және мәдениет саласында өзін көрсеткен студенттерге беріледі. Және олардың арасынан 1000 адам іріктеледі.

Кез-келген ниет танытқан азамат almaty2017.com сайтына кіріп, сондағы анкетаны толтыра алады. Байқаудың қорытындысы 2016 жылдың 16 желтоқсанында шығады.

Айта кету керек, шырақ – Эстафета алауының ең басты атрибуттарының бірі.

Эстафета Алауы кезінде сапалы, жеңіл шырақтар қолданылады. Шырақ, Халықаралық студенттер спорты федерациясының барлық талабына сәйкес жасалынған.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑