banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 25, 2012 | 685 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан көші-қон саясатын пысықтады

 

Кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелерін Ақордаға жиып, отырыс өткізді. «Еліміздіңәлем таныған аса зор табыстарыҚазақстан азаматтығы институтының да беделін барған сайын арттыра түсуде, – деді Мұхтар Абрарұлы. – Мұныңөзі – Елбасыныңұлтаралық, дінаралық және қоғамдық келісімге негізделген сарабдал саясатының арқасы. Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен еліміздіәлеуметтік-экономикалық жағынан жаң­ғыртудағы Қазақстан қол жеткізген толағай табыстарыныңәлемдік деңгейде мойын­дал­ғандығының айқын айғағы».

Комиссия мүшелерініңқарауына «Қазақстан азаматтығына қабылдау» ғана емес, «Қазақстан азаматтығынан шығу мәселелері, сондай-ақҚазақстан азаматтығынан шығу мәселелері бо­й­ын­ша Ұлттыққауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігініңөзара әрекеттері туралы» деген «күн тәртібі» шығарылды. Бір айта кетер жайт, соңғы жылдары көші-қон үдерісінде Қазақстанда тұруды саналы түрде таңдайтындар қатарыныңөсіп отырғандығы байқалады.
– Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы сая­сатының арқасында әлемніңәртүрлі елдерінен келген 850 мыңнан астам адам Қазақстан Респуб­ликасының азаматтығын алды, – деді Мемле­кет­тік хатшы. – Олардың басым көпшілігі, атап айтар болсақ, 780 мыңға жуығы – тағдыр та­лайымен, ашаршылық және сталиндік қуғын-сүргін жылдарында тарихи Отанынан амалсыз көшуге мәжбүр болған біздіңқандастарымыздыңұрпақтары.
М.Құл-Мұхаммедтің мәліметінше, бертінде, 1990 жылдары Германияға, Грекияға, Ресейге, Украинаға, Беларусьқа және тағы да басқа ел­дер­ге көшкен жұрттың соңғы жылдары Қа­зақ­стан­ның азаматтығын қайта алуға құштарлық біл­діруі және оралу үрдісі жүруде. Элегиялық-нос­тальгиялық астарын айтпағанда, мұның нақты экономикалық себебі де бар. «Бүгін­де әлемнің көптеген елдерін дағдарыс жайлаған, – деді Мұхтар Абрарұлы. – Еңбекақы, әлеу­меттік жәр­демақы, зейнетақы мөлшері қысқартылу үстінде. Ал Қазақстан ауқымды индустриялық жо­ба­ларды іске асырып, жаңа мектептер, ауру­ха­налар, балабақшалар, қол­же­тімді баспана­лар салып, қарқынды даму жолына түсіп отыр. Бұл – Елбасыныңәлеуметтік, эконо­микалық саясатының дұрыс екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес, жыл сайын қазақстандықтардыңөмір сүру деңгейі артып келе жатыр». Мем­лекеттік хатшы дүниежүзі назарын өзіне аудар­ған V Ас­тана экономикалық форумын, алдағы аптада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дерлерінің ІV съезін «Президентіміз таңдаған «Қазақстандық жолдың» табыстылығының та­ма­ша дәлелі» деп бағалады.
Комиссия мүшелеріне қайырылған Мұхтар Құл-Мұхаммед оларды көгілдір құжатымызды төсіне басып, Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген әрбір адамныңөтінішін мұқият қарауға шақырды. Күн тәртібіне шығарылған мәселелерді «өте маңызды» деп атаған Мемлекеттік хатшы олар бойынша кейінгі кезде жауапты меморган­дардың бірқатар жұмыстар атқарғандығын, бұл құрылымдардың ақпараттары тегіс комиссия мүшелеріне таратылғандығын ескертті.
Жиын барысында Президент Әкімшілігі бас­шысының орынбасары Т.Донақов пен ҰҚК және Сыртқы істер министрлігі басшыларының есеп­тері тыңдалды. Талғат Донақов азаматтық алу процедурасы оңтайландырылып жатқандығын жеткізді. Былтырғы шілдеде азаматтық алу тура­лы заңнамаға тиісті өзгерістер ендігі ензігілген екен. Жиын қорытындысы бойынша, тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар жа­салды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑