banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 7, 2014 | 568 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан-ливандық қарым-қатынастар Берутта талқыланды

 

Үстіміздегі жылы 6 мамырда ҚР Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев Ливанға іссапармен барып, осы елдің Президенті Мишель Сулейманның қабылдауында болды.
Кездесуде бірінші кезекте Елшіліктің Қазақстан мен Ливан арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілетуге бағытталған «Жол картасына» сәйкес, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы тілге тиек етілді және оның негізінде алдағы уақытқа жоспарланған іс-шараларға назар аударылды. Сондай-ақ, Президентке Елшілік әзірлеген соңғы жиырма жылдағы екіжақты ынтымақтастықтың даму жолын баяндайтын «Қазақстан-Ливан қатынастары: 20 жылдық табысты серіктестік» атты кітабын сыйға тартылды.
Жүздесу барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы кеңінен әңгімеленіп, сұхбаттасушыға Жолдаудың нұсқасы табысталды
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының 2014-2020 жж. қамтитын сыртқы саясат тұжырымдамасы туралы, еліміздің әлеуметтік, саяси, экономикалық салаларда қол жеткізген жетістіктері, маңызды сыртқы саяси бастамалары туралы Ливан басшысы жан-жақты хабардар етілді.
Өз кезегінде Ливан басшысы тараптардың қызу қуаттауымен өркендеп отырған Қазақстан-Ливан байланыстарының деңгейін жоғары бағалап, Елбасының «Қазақстан-2050» Жолдауын аса ауқымды, терең мағыналы, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын және болашаққа бағытталған көрегенді бағдар екенін айрықша атап өтті.
Сұхбат барысында Ливан Үкіметіне Астананың «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдірілді. Осы ретте, ливан тарапының аталған көрмеге ең жоғары деңгейде қатысатынына үміт білдірілді.
Кездесуде сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Астанадағы кеңсесін ашу туралы Жарғысына Ливан тарапының қол қою арқылы еліміздің бастамасына қолдау көрсету туралы өтініш білдірілді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑