banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 28, 2014 | 741 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан мен Финляндия ынтымақтастығының жаңа көкжиектері: қазақстандық ұшқыштардың фин ұшқыштар мектебіндегі дайындығы

 

Ағымдағы жылы 26 мамырда Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев «Патрия» (Хельсинки) фин ұшқыштар тренинг-орталығында компанияның басшылығымен және Финляндияда оқу-ұшу дайындығына кірісудегі қазақстандық студенттер тобы – болашақ азаматтық авиацияның ұшқыштарымен кездесті.
Сұхбат барысында Қазақстанның Елшісі инженерлік оқу жүйесінің дамуы мен жаңа техникалық кадрларды дайындау «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі екендігін айтып, сапалы білімнің индустрияландыру мен еліміздің инновациялық дамуының негізі болып отырғанын атап өтті. Қазақстандық дипломат жастарды білімді белсенді түрде жинақтау мен арттыруға шақырды.
Ғ.Қойшыбаев болашақ қазақстандық ұшқыштардың Финляндияда оқуы Финляндияның Президенті С.Ниинистёнің 2013 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелері бойынша жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың тәжірибелік қорытындысы болғанын ерекше атап өтті. ҚР Азаматтық авиация академиясы мен «Patria» фин ұшқыштар мектебі компаниясы арасында қол қойылған Меморандумға сәйкес, Patria компаниясымен 60 үміткерлердің ішінен іріктеп алынған Қазақстаннан
12 студент 2015 жылдың соңына дейін компанияның негізінде оқу-ұшу дайындығын өтеді. Аталған студенттер бұрын теориялық дайындықты аяқтаған болатын.
Өз кезегінде Patria Pilot Training компаниясының Бас директоры Микко Паронен Қазақстанмен өзара әрекеттесудің стратегиялық сипатын атап өтті және кадрларды дайындау саласында ынтымақтастықты одан әрі күшейтуде терең қызығушылығын білдірді.
Қазақстандық студенттердің оқуы «коммерциялық авиацияның ұшқышы» мамандығы бойынша лицензияны алу деңгейіне дейін Авиациялық қауіпсіздік еуропалық агенттігінің (European Aviation Safety Agency, EASA) талаптарына сәйкес өтуде. Түлектер фин ұшқыштар мектебінде оқуды аяқтау мен емтихандарды тапсырғаннан кейін, жоғары білім туралы диплом мен ұшқыштардың халықаралық сертификатын алады.
Ынтымақтастықты одан әрі дамытуда фин әріптестерімен ұшқыш нұсқаушыларының оқуын ұйымдастыру, сондай-ақ EASA стандарттары бойынша Қазақстанның Азаматтық авиация академиясының негізінде ұшу дайындығы орталығын құру туралы келіссөздер жүргізілуде.
Финляндиямен қазақстандық ұшқыштарды дайындау саласындағы ынтымақтастық еліміздің алдағы еуропалық және дүниежүзілік стандарттарына сәйкес азаматтық авиация инфрақұрылымын одан әрі құру жолындағы тағы бір қадамы болады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑