banner-top12

Ақпараттар ағымы монако

Қосқан уақыты Мамыр 30, 2014 | 580 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан мен Монако СІМ басшылары екіжақты Ынтымақтастықты талқылады

 

Ү.ж. 29 мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Монако СІМ басшысы Жозе Бадиамен кездесті.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Тараптар экономикалық және мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылай отырып, туризм, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өзара әрекеттестікті дамытудың келешегі бар екендігіне назар аударды.
Тараптар 2012 және 2013 жылдары өткен Қазақстан және Монако Мемлекет басшыларының өзара сапарлары екі ел арасындағы диалогтың нығайуына мықты серпін бергендігін атап өтті.
Келіссөздердің барысында Астанада өтетін ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандырылған көрмеге дайындық пен оны өткізу бойынша ынтымақтастық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Қазақстандық СІМ басшысы ЖБадианы монаколық компаниялардың көрмеге белсенді қатысуына ықпал етуге шақырды.
Сонымен қатар екі елдің сыртқы саяси мекемелерінің басшылары халықаралық саясаттағы өзара қызығушылық тударытын негізгі мәселелер бойынша пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑