banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 29, 2014 | 596 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынастары жөніндегі үкіметаралық келісімді жүзеге асыру бойынша Меморандумға қол қойылды

 

2014 жылғы 26-27 мамыр аралығында Ұлан-Батыр қаласында қазақстан-моңғол үкіметаралық сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының (ҮАК) 6-шы отырысы өтті.
Моңғол делегациясын Моңғолияның Халық дамуы және әлеуметтік қорғау министрі С.Эрдэнэ басқарды.
Қазақстандық делегацияны – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова.
ҮАК отырысы күн тәртібіне негізгі мәселелер ретінде екі ел ынтымақтастығының ахуалы мен даму болашағын айқындайтын инвестицияларды тарту, іскерлік, ауыл шаруашылығы, көлік, тау-кен, металлургиялық және энергетикалық өнеркәсіп, білім және ғылым, екі ел қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық негізін дамыту мәселелері кірді.
Тараптар соңғы кезде екі жақты қарым-қатынастардағы әртүрлі салаларда орын алған жетістіктер туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі салаларында әлі күнге дейін пайдаланылмаған әлеует пен мүмкіндіктер бар екені атап көрсетілді.
Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың орта мерзімге арналған бағдарламасын дайындау жұмыстарын тездетуге келісті.
Қазақстан-моңғол ҮАК комиссиясының 6-шы отырысы нәтижелеріне сәйкес екі ел тиісті мекемелерінің өкілдері Қазақстан мен Моңғолия арасындағы үкіметаралық әуе қатынастары жөніндегі келісімді жүзеге асыру бойынша Меморандумға қол қойды.
Қорытындысында екі ел делегацияларының басшылары Министрлер Т.Дүйсенова мен С.Эрдэнэ қазақстан-моңғол ҮАК 6-шы отырысының Хаттамасына қол қойды. Аталған құжатта Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды әртүрлі салаларда дамыту жолдары белгіленген.

2014 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Т.Дүйсенованы Моңғолия Премьер-Министрі Н.Алтанхуяг қабылдады.

                                                                                                                                                            ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑