banner-top12

Ақпараттар ағымы 20140724_5499

Қосқан уақыты Шілде 28, 2014 | 594 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан мен ОПЕК халықаралық даму қоры ынтымақтастықты белсендетуге келісті

20140724_5499

2014 жылғы 24 шілдеде Қазақстанның Венадағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай ОПЕК халықаралық даму қорының (ОФИД) Бас директоры Сүлейман Әль-Хербишпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар инвестиция саласында ынтымақтастықтың дамуын, соның ішінде Қазақстанға ұзақ мерзімді және төмен пайыз қаржыландыруды тарту мәселелерін талқылады.
С.Әль-Хербиш ОФИД мемлекеттік сектор жобаларына қарыз беру, коммерциялық секторға несие желісін ашу және қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық операцияларына сауда қаржысын беру бойынша Қазақстанмен инвестиция саласында ынтымақтасуға ынталы екенін жеткізді. Сонымен қатар, Қор басшысы Қазақстанға басым болып табылатын басқа да ынтымақтастық бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайындығын білдірді.
Тұрақты Өкіл Қайрат Сарыбай Қазақстандағы даму жобалары бойынша ҚР Үкіметінің ОФИД-пен ынтымақтастыққа дайындығы туралы хабарлап, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен ЭКСПО-2017 бастамаларын іске асыру бойынша әрекеттесуді ұсына отырып, Қазақстанның Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру мен даму банкі және көптеген басқа халықаралық даму институттарымен сәтті ынтымақтастық тәжірибесіне назар аударды.

Анықтама: ОФИД – 1976 жылы ОПЕК мүше-мемлекеттері тарапынан құрылған, Венада орналасқан халықаралық каржы даму институты. 2014 жылғы маусым жағдайы бойынша, Қордың берген жалпы көмек мөлшері 10 млрд.доллардан асты, соның ішінде 6,7 млрд.долл. мемлекттік жобалар мен бағдарламаларға арналған қарыздар.
ҚР СІМ Баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑