banner-top12

Ақпараттар ағымы 12d1d32bb5f7a8b51295d9a8f58a3cf9

Қосқан уақыты Қараша 10, 2017 | 337 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері Келісімге қол қойды

Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері магистральды мұнай құбырлардағы технологиялық мұнайдың статусын анықтау туралы Келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

Челябі қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтіп жатқан аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен РФ Энергетика министрі Александр Новак Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» және «Омбы-Павлодар» магистральды мұнай құбырлардағы технологиялық мұнайдың статусын анықтау туралы Келісімге қол қойды.

Қол қойылған үкіметаралық келісім төменде көрсетілгендер үшін меншік құқығы мойындалады:

– «Омбы-Павлодар» магистральды мұнай құбырындағы ресейлік учаскісіндегі 62 048 тонна көлеміндегі мұнай «Транснефть – Урал» АҚ ( «Транснефть» ААҚ еншілес ұйымы) тиесілі;

– «Омбы-Павлодар» магистральды мұнай құбырындағы ресейлік учаскісіндегі 79 680 тонна көлеміндегі мұнай «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі;

– «Тұймазы-Омбы-Новосібір-2» магистральды мұнай құбырындағы қазақстандық учаскісіндегі 62 048 тонна көлеміндегі мұнай «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі;

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑