banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 30, 2014 | 571 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

  Қазақстан мен Үндістан ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

2014 ж. 25 маусымда  Нью-Дели қаласында ҚР-ның ҮР-ғы Елшісі Дулат Қуанышевтың ҮР Мұнай және газ министірі  Дхармендра Прадханмен кездесуі өтті, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Отырыс барысында тараптар 2014 ж. 24-25 сәуір аралығында Астанада өткен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Үндістанның үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы кездесуі барысында қабылданған шешімдердің жүзеге асуы бойынша ақпарат алмасты.

Сауда саласындағы ынтымақтастық перспективаларына тоқтала отыра, Д.Қуанышев энергетикадағы қатынастарды нығайту қажеттігін атап өтіп, бұған мемлекеттер арасындағы тікелей байланыстардың жоқтығы кедергі жасап отырғандығын айтты.

Атап айтқанда, тараптар іске қосылуы 2014 ж. соңына жоспарланып отырған «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің құрамы болып табылатын және Қазақстанды Парсы бұғазындағы ирандық порттармен байланыстыратын  теміржол желісінің Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда мен экономикалық ынтымақтастық үшін маңыздылығына ерекше көңіл аударды. Бұл тауарларды тасымалдаудағы шығындар мен уақытты едәуір қысқартпақ.

Сондай-ақ Қазақстанның ҮР-ғы Елшісі Д.Қуанышев үнді министріне ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.Қарабалиннің және Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы У.Рушнактың атынан келіп түскен ү.ж. 26-27 қарашада Астанада 150-ден астам энергетика, мұнай, газ және экономика министрлері, халықаралық ұйым жетекшілері мен ірі трансұлттық корпорация топ-менеджерлерінің қатысуымен өткелі отырған аталмыш хартияның конференциясына шақыру хатын табыс етті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑