banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 28, 2014 | 546 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан Қарусыздандыру конференциясының төрағасы қызметіне кірісті

 

Ү.ж. 27 мамырда Қарусыздандыру конференциясының (ҚК) 1317 пленарлық сессиясы барысында Қазақстан Республикасы осы халықаралық органның төрағасы қызметіне кірісті.
Женевадағы БҰҰ бөлімі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді сөйлеген сөзінде іс-шара қатысушыларына Қазақстан сыртқы саясатының ядролық қарусыздандыру және таратпау саласындағы негізгі басымдықтары туралы мәлімдеді. Ү.ж. 6 мамырда Нью-Йорк қаласында ядролық «бестігімен» (АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания) Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа Қауіпсіздік кепілдері туралы қосымша хаттамаға қол қоюының жоғары маңыздылығын да атап өтті.
Сонымен бірге, Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздандыру үдерісіне қосқан баға жетпес үлесін іс-шара қатысушыларының назарына салып, М.Тілеуберді ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелігіне 2017-2018 жылдарға арналған үміткерлігіне БҰҰ-ға мүше елдерінің қолдауына үміт білдірді.
ҚР-дың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үміткерлігіне орай ақпараттық материалдар іс-шара қатысушылары арасында таратылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑