banner-top12

Ақпараттар ағымы PM013422

Қосқан уақыты Қаңтар 28, 2017 | 408 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан құрамасы хоккейден Қытайдың командасын ойсырата ұтты

21

Универсиада Қазақстан құрамасына сәтімен басталып, біздің жігіттер Қытай командасын    – 22: 0 есебімен ойсырата ұтты.

Біздің құрама қытайлықтардың қақпасында ойына келгенді істеді десе де болады. Көп болып тартысса да, алыстан орағытып ұрса да, соққан шайбылары мүлт кетпей, қытайлықтардың қақпасына дуаланған доп құсап кірді де отырды.

Кездесудің бастапқы кезеңінде қазақстандықтар тоғыз шайбы кіргізіп, екінші жиырма минутта тағы тоғызын соқты. Ал үшінші кезеңде қарсыластардың қақпасына бірден 7 шайбыны дөп кіргізді.

Кездесуде Қазақстан құрамасындағы  Артем Бурделев (5 шайбы), Әлихан Әсетов (3 шайбы), Владимир Гребенщиков, Антон Сагадеев (2 шайбы), Дмитрий Гренц (2 шайбы), Владислав Никулин, Константин Савицкий (2 шайбы), Мадияр Ыбырайбеков, Михаил Рахманов (2 шайбы), Иван Степаненко, Константин Савенков мен Ярослав Евдокимов ерекше көзге түсті.

Команданың бас бапкері  Сергей Старыгин жігіттерді қатты қыстамай, еркіне жіберді. Осыны арқасында болса керек, хоккейшілеріміз кеңінен көсіліп, ұрымтал сәттерді қолдан жіберген жоқ.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑