banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Қыркүйек 2, 2014 | 519 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 31 тамызда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

2014 жылғы 2-31 тамыз аралығындағы кезең ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына республика бойынша 88 кандидат ұсынылды. Салыстыра айтсақ,  2008 жылы Сенаттың кезекті сайлауына 88, ал 2011 жылы 92 кандидат ұсынылған болатын.

Осылайша, Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттарын сайлау жөніндегі соңғы үш сайлау науқанының шеңберінде ұсыну қорытындылары бойынша орташа бәсекелестік бір сенатор мандатына 5-тен аса үміткерді құрайды.

1 қазанда өтетін сайлауға ең көп кандидат (9 адам) Алматы қаласында ұсынылды. Ақтөбе және Алматы  облыстарында 7 кандидаттан ұсынылды.

Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында 6 үміткерден ұсынылса, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында – 5 үміткерден, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1 орынға 4 үміткерден ұсынылды.

Ұсынылған кандидаттардың біреуі тіркеуге дейін, тағы бір кандидат тіркеуден кейін өз өтініші бойынша кандидатураларын алып тастады. Сонымен қатар тағы бір үміткер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сай келмегендіктен, сайлау додасынан шығып қалды.

Ұсыну кезеңінде 15 кандидатты мәслихаттар ұсынды, 73 азамат  өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде 5-і әйел адам.

Кандидаттардың орташа жасы 53 жарым жасты құрайды.

Мамандығы бойынша:  28-і инженерлер, 14-і ауыл шаруашылығы қызметкерлері (агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері және басқалар), 13-і экономистер, 12-і оқытушылар, 10-ы дәрігерлер,  5-і заңгерлер.

Қызмет түрі бойынша: 4-і Парламент Сенатының депутаты, 33-і мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің қызметкерлері, 28-і коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 15-і ғылым, мәдениет, білім беру және денсаулық қорғау қызметкерлері.

2 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына 59 кандидатты тіркеді.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды қолдау үшін жиналған таңдаушылар қолдарының растығын тексеру бойынша жұмыс жалғасуда. Аталған жұмысқа жер-жерде сайлау комиссиялары мүшелерінен басқа паспорт қызметінің мамандары тартылды.

Сайлау туралы заң сайлау комиссияларына кандидаттың толтырылған қол қою парақтарын тапсырғанынан кейін бес күн мерзім ішінде тексеруді аяқтау қажеттігін міндеттеген. Бұл ретте әрбір қол қою парағы тиісті үлгіде рәсімделуі қажет. Қол қою парағына оның реттік нөмірі, парақ алған кандидаттың аты-жөні мен жеке қолы, қолдарды жинаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ өз қолдарын қойған таңдаушылар туралы мәліметтер қамтылған бағандар енгізілуі тиіс.

Тексеру аяқталғаннан кейін сайлау комиссиясы кандидатты тіркеу үшін қажетті құжаттардың бірі болып табылатын хаттаманы жасауға тиіс.

Сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткерлер тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзінің және жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы мен сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатты тапсыруы қажет.

Кандидат пен оның жұбайы табысы мен мүлкі туралы жария еткен мәліметтердің растығын салық қызметі органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Бұл мәліметтердің расталмауы Сенат депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартуға немесе тіркелгені туралы шешімді жоюға негіз бола алады.

Өз кезегінде, тіркеуден бас тарту және тіркелгені туралы шешімді жою мәселесі бойынша кандидат немесе оны ұсынған мәслихат жеті күн мерзім ішінде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа жүгіне алады.

Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 11 қыркүйекке дейін созылады, ал 12 қыркүйектен бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүріп жатыр.

Ортсайлаукомға 2 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібін реттейтін сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіруді талап етеді.  Ол уақтылы қаралып, өтініш иесіне тиісті түсіндірме берілді. Екінші өтініште Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың бірінің сайлау науқанына қатысы жоқ әрекеттеріне шағым жасалған.

26 қазанда 46 округте өтетін мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау туралы айта кететін болсақ, жұмылдырылған облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына әзірше бірде-бір кандидат ұсынылған жоқ.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑