banner-top12

Шалқар index3

Қосқан уақыты Наурыз 17, 2016 | 510 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру. Бұл күнделікті өмірде екінің бірінен қажетті орынға талап етілетін құжат саналады. Сол себепті, бұл қызметке сұраныс көп.
ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін:
сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке тұлғаның жеке куәлігі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады).

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Cұрақтарыңыз болса, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414-ке телефон шалуыңызға болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑