banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG-20140717-WA0000

Қосқан уақыты Шілде 17, 2014 | 603 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақстан» телеарнасы «Жаңа толқын» жас әншілердің халықаралық байқауын тікелей эфирде трансляциялайтын болады

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Жаңа толқын – 2014» жас әншілердің он үшінші байқауын Қазақстан аумағында тікелей эфирде трасляциялаудың айрықша құқығын алғаш рет иеленіп отыр. Байқау 22 мен 27 шілде аралығында латвияның Юрмала қаласында өтеді, -деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
Тікелей эфирдегі трансляцияны қазақ тілінде белгілі журналист Асхат Садырбай жүргізеді. Онымен бірге «Дзинтари» концерттік залының сахнасындағы байқау туралы отандық эстарада жұлдыздары хабарлап тұрады.
Осы байқауға қатысу үшін 2014 жылы әлемнің 45 мемлекетінен 15000 жас талант байқауға қатысу туралы өтінім білдірген болатын. Алайда, ақтық сайыста 13 мемлекеттен 16 қатысушы ғана бақ сынасады.
Аталған халықаралық байқауда Қазақстанның атынан Әлішер Кәрімов өнер көрсетпек. Ол 2005 жылы Superstar.KZ жобасына қатысып, танымал болды. Бұдан бұрын да халықаралық байқауларға қатысып, 2001 жылы Витебск қаласында «Славянский базар» XX халықаралық өнер фестиваліне қатысып, үшінші орын иеленіп, «Ресейдің БАҚ-ның арнайы жүлдесіне» ие болды. Сондай-ақ, Әлішер «World Champion ships of Performing Arts», АҚШ (2007 жыл) наградасының және «Ереван шақырады -2012» халықаралық поп музыка фестивалінің үшінші жүлделі орнын иеленген болатын. Жақында әртіс «Шүкір» атты үшінші альбомын жарыққа шығарды.
Қазақстан биыл бұл байқауға 12-нші рет қатысқалы тұр. Әр жылдары біздің мемлекетімізден Дилназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Қайрат Түнтеков сияқты әншілер мен Rin’Go тобы қатысқан болатын. Өткен жылы Юрмалада біздің мемлекетіміздің намысын әнші Adam қорғаған болатын.
Ә.Кәрімовтің продюсері Алтынбек Рахметовтің хабарлауынша, байқаудың алғашқы күні «Әлемдік хит» тақырыбында Әлішер Адриано Челентаноның (Adriano Celentano) «Confessa» әнін орындамақшы. Байқаудың екінші күні әнші «Жаңа толқын – 2010» байқауының екінші орын иегері украиндық орындаушы Татьяна Ширкомен дуэт орындайды. Байқаудың үшінші күні «Премьералар күні» деп аталады. Қатысушылар жаңа әндер орындауға міндетті. Әлішер көпшіліктің назарына «Әрине» әнін ұсынбақшы. Бұл әнді арнайы осы байқауға жас ақын Талант Арғынғали мен композитор Ғалымбек Исмбергенов жазған болатын. Әлішер әннің бірінші бөлігін қазақ тілінде орындаса, екінші бөлігін орыс тілінде орындамақшы.
«Жаңа толқын» танымал музыканы орындаушылардың халықаралық байқауы тек Ресей мен Латвияның ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет ел мемлекеттерінің кең көлемдегі музыкалық оқиғасы болып табылады. Сайыскерлердің жеңіске ұмтылуын, олардың сайыстық бағдарламасына миллиондаған телекөрермендердің қызығушылығын оятуы, «Жаңа толқын» байқауының бүкіл Еуразия континентінің жыл сайын күтілетін музыкалық жаңалығы болып табылатыны даусыз.
Байқаудың басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау. Байқауды алғаш рет ұйымдастыру туралы ұсынысты 2002 жылы Игор Крутой мен Раймонд Паульс ұсынған болатын.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑