banner-top12

Хабарландырулар image001

Қосқан уақыты Ақпан 29, 2016 | 536 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақстан» телеарнасында Наурыз жұлдызы анықталады

Наурыз мейрамы жаңару мерекесі. Қазақстандықтар үшін Наурыз көктемгі жаңару, махаббат, береке, достық нышаны іспеттес. Бұл ежелгі мерекелердің бірі. Жыл санау бойынша 22 наурыз – күн мен түннің теңесетін күні. Яғни «жаңару» деген мағынаны білдіреді.

Наурыз мейрамы ата-баба дәстүрімен сабақтасқан жалпы түркі тілдес халықтарына ортақ мереке. Түркі тілдес халықтардың әрқайсысында Наурыз мейрамын тойлаудың өз ерекшеліктері бар. Бұл күні ренжіскен адамдар татуласып, бір-біріне кешіріммен, мейірімділікпен қарайды. Барша жұрт әдемі киініп, би билеп, ән салады. Ақсақалдар бата беріп, жақсы тілектер айтылады.

Қазақ халқы қашанда шеберлігімен, шешендігімен, «жақсы ән мен тәтті күйлерімен» ерекшеленетін. Қазақта «әу» демейтін, сондай-ақ домбыра шертпейтін адам кемде-кем.

Қазақтың бар болмысы әнмен өрілген. Ән той-думандарда да, салт-дәстүрлерде, сонымен қатар жоқтауларда да жалғасын тапқан.

Қазақтың күй өнері кең даланың тынысымен қатар өрілген әуенді саз. Мұндай өнер басқа халықтарда жоқ.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында бастау алған «Наурыз жұлдызы» байқауының мақсаты қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен насихаттап, оларды жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдалану. Байқау жеңімпазы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы арқылы өз өнерін барша халыққа паш ету мүмкіндігіне ие болады.

Халық даналығында адам өз өнерін, тұрмыс-мәдениетін терең сезіне білген сайын басқа халықтардың өнерін, мәдениетін түсінеді деген ұғым бар.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш байқау шарты бойынша кез келген орындаушы күй орындауын бейнеге жазып алып, аталмыш бейнені 2016 жылғы 20 наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz мекенжайына жолдауы тиіс. Күйдің үздік орындаушысын арнайы әділ-қазылар алқасы анықтап, оның есімі 21 наурыз күні белгілі болады. Жеңімпаздар тізімі байқаудың арнайы сайтында жарияланады.

Құрметпен,

«Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑