«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 15 мая, 2015 | қосқан shalqar | 640 рет оқылды

0

«Қазақстан» телеарнасында «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады

IMG_8185 IMG_8178 img_8173 img_8161 img_8125 img_8093img_8394img_8349img_8336img_8279img_8231img_8190

17 мамыр күні танымал «Ұлттық шоу» бағдарламасы жаңа форматта шығады. «Қазақстан» телеарнасының эфирінде түрлі жаңа орындауларға, тың дуэттерге және ғажайып қойылымдарға толы «Роза шақырады» атты музыкалық жобасының тұсаукесері өтеді.

Бағдарламаның басты жұлдызы — отандық сахнаның примадоннасы, танымал тұлға – Роза Рымбаева. Ол телевизиялық жобаның иесі ғана емес, бас кейіпкері. Барлық жоба жанды дауысқа құрылған! Бағдарламаның әр шығарылымында көрермендер тосын нөмірлерге, күтпеген тың дуэттерге және басқа да қызықты қойылымдардың куәсі болады.

Тележоба барысында отандық шоу-бизнес өкілдері: танымал әншілер, әртістер, актерлар, сазгерлер өз шығармашылығының және өмірінің қызықты тұстарымен көрермендермен бөліседі. Сүйікті де танымал әншілеріңіз, сазгерлер және композиторлар өз әндері мен туындыларын жанды аккомпанементте орындайды.

Танымал орындаушылармен қатар, әрбір бағдарламалада жаңа жұлдыздың аты белгілі болады. Шоу барысында Роза Рымбаева қазақстандықтарға жаңа орындаушыларды, композиторларды, сықақшыларды таныстырады.

Кешті Роза Қуанышқызымен бірге Әли Оқапов пен Рүстем Нұржігіт жүргізеді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑