banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 27, 2014 | 844 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінің безендірілуі жаңартылды

     «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі 2014 жылғы 30 маусымда «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы веб-портал мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінің безендірілуі жаңартылған нұсқада шығатынын  хабарлайды.

Астана қаласы күнін «Қазақстан» телеарнасы жаңартылған дизайнмен қарсы алуда. Қозғалыс пен амбициялық мақсаттарды қамтып, бейнелейтін телеарнаның «Менің Қазақстаным» атты ұранын өз бойына дарытқан жаңа логотип, бағдарламааралық роликтер мен заставкалар 30 маусым күні эфирге шыға бастайды.

Нұржан Мұхамеджанова, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының Төрайымы: «Біз жалпыұлттық телеарна стратегиясын дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. «Қазақстанның» ішкі мазмұны ғана емес, сыртқы бет-бейнесі да жаңартылуда. Сол себепті де, жаңа логотип – жаңарудың нышаны.

Біз көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын сезімдер тарту етіп, жағымды адамзат құндылықтары жайында әңгімелейміз. Телеарнадағы жұмыс дәл осы бағытта атқарылып жатыр және дәл осы айтылғандардың барлығы «Қазақстанның» жаңа безендірулерінен көрініс табады. Сонымен бірге, жаңа дизайн осы сөздің тура маңынасында теледидар экранынан жарық сәулесін төгеді: бағдарламааралық роликтерде айқын бейнеленген таңтың атуы мен күннің Қазақстанның барлық аймағымен жүріп өткен географиялық түсірілімдері келтірілген. Сол арқылы біз әр өңірдің көпұлтты Қазақстанның іргетасының қалануына және дамуына үлес қосқандығын, ондағы әрбір тұрғын ұл-нәсіліне ажырамастан «Бұл менің Қазақстаным!» деп мақтанышпен айта алатындығын жеткізгіміз келді.

«Қазақстан» телеарнасының осығанға дейінгі логотипі 8 жыл бойы қызмет етіп, біраз өзгерістерге ұшырады. Телевидение өзгерістер көп болатын саланың бірі ретінде әркез дамуды талап етеді, сол себепті «Қазақстанның» жаңа визуалды стилін жетілдіру туралы шешім қабылданды. Ол тек қана жалпыұлттық телеарнаның концепциясын бейнелеп қоймай, телевивизиялық дизайн мен стильдің осызаманғы талаптарына сәйкес болуы ескерілді. Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Қазақстан» телеарнасының редизайны туралы концепция бекітілді. 30 маусымда телеарна эфирді графикалық безендіруді, Корпорацияға тиесілі веб-порталдың дизайны мен Корпорацияның аймақтардағы телеарналарының логотиптерін ауыстыруды іске асыра бастайды.

Жаңа логотип қысқа да ықшам стильде ұстанылған және ол мемлекеттік ту мен күн шеңберінде бейнеленген. Телеарнаның жаңа логотипіндегі көгілдір түс болашақтың ашық екенін, ертеңгі күнге деген зор сенім мен үміт отын ұялатады.  Логотиптегі күннің сары түсі ел мен халықтың күш-қуаты мен мәңгілік елдің символын меңзейтін таңсәрідегі жарқын күн сәулесі іспеттес.

Жаңа дизайнды жетілдіру кезінде британдық «Bruce Dunlop & Associates» креатив агенттігінің тәжірибесі пайдаланылды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑