banner-top12

Ақпараттар ағымы 4ce5428b30031

Қосқан уақыты Желтоқсан 18, 2014 | 647 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуде

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау туралы шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық және материалдық ресурстар бөлді.
2014 жылы 6 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинаның гуманитарлық қажеттіліктері үшін Қызыл кресттің Халықаралық комитетіне 30 мың АҚШ долларын Қазақстанның мүшелік жарнасын төлеу бойынша тиісті үрдісін аяқтады.
2014 жылы 19 желтоқсан күні «Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес, еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жалпы соммасы 69 727 875 тенге құрайтын азық-түлік Украинаға жолданатын болады.

ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑