banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 27, 2014 | 697 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстанда “Айтыс” мамандығы ашылды

Қазақ ұлттық өнер университетінде “Айтыс” мамандығы ашылды, деп хабарлайды aitysker.com.

Мәліметтерге сүйенсек, қазақстандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, өнер жанашырлары мен ұлт зиялылары ақылдаса келіп, Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі өнер факультетінен “Айтыс” мамандығын ашуды ұйғарған.

Бұл бастама мемлекет тарапынан қолдау тауып, 4 грант бөлінген.

Айта кетейік, бұған дейін осыған ұқсас мамандық Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болған. 2001 жылы қоғам және мемлекет қайтаркері, сол кездегі университет ректоры Мырзатай Жолдасбековтың қолдауымен “Дәстүрлі музыкалық және поэтикалық өнер” атты мамандық ашылып, қазақтың талантты жастары білім алған.

Кейін университет құрылымын өзгерткенде бұл мамандық жабылып қалған. Жаңа мамандыққа құжаттарды қабылдау маусым айының 30 жұлдызына дейін жалғаспақ.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑