banner-top12

Ақпараттар ағымы 10938c668379aeb8a885db9174b79f84-e1495432497883

Қосқан уақыты Маусым 30, 2017 | 330 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстанда ертеңнен бастап МӘМС жұмысын бастайды

 

«Азаматтарға арналған үкімет» міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  шеңберіндегі аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы есеп шоты ашылғанын ескертеді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап МӘМС Қазақстанда жұмысын бастайды.

Әрбір жұмыс беруші өзі үшін және өзінің қызметкерлері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруқорына аударымдар мен жарналарды аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  негізінде аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер ашылған  ағымдағы шотқа аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойынша тұрақты түрде аудару тиіс:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың

уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамыныңбаспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑