banner-top12

Ақпараттар ағымы sms

Қосқан уақыты Тамыз 6, 2015 | 413 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстандықтар өз автокөлiгi үшiн техникалық байқаудың қолданылу мерзiмiн SMS арқылы бiле алады

Автокөлiк иелерi SMS арқылы техникалық байқаудың қолданылу мерзiмi туралы ақпаратты ала алады. Ол үшiн «Техбайқау» сөзiн және автокөлiктiң мемлекеттiк нөмiрiн 414 нөмiрiне жiберу қажет. Мәтiндiк хабарламаның нұсқалары төмендегiдей болуы мүмкiн:
• «Техбайқау автокөлiк нөмiрi»;
• «Techosmotr автокөлiк нөмiрi»;
• «Tehnikalyk baikau автокөлiк нөмiрi»;
• «8 автокөлiк нөмiрi».
Қызметтi алу кезiнде пайдаланушы тек SMS-хабарламаның құнын төлейтiн болады, ол 7 теңгенi құрайды және абоненттiң телефон шотынан алынатын болады.
Аталған қызметтi алу үшiн автокөлiк иесi мобильдiк үкiметте тiркелу қажет. Оны www.egov.kz электрондық үкiмет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жасауға болады.
Мобильдiк үкiмет пайдаланушысы сондай-ақ техбайқауды өту қажеттiлiгi туралы SMS және PUSH-хабарламаларға жазыла алады. Хабарламаға жазылу автокөлiк иелерiне техникалық байқаудың қолданылу мерзiмi аяқталғанына дейiн техникалық байқау орталықтарына бару қажеттiгi туралы бiлуге мүмкiндiк бередi.
Анықтама үшiн: PUSH-хабарлама — бұл смартфондағы iске қосылған бағдарламалардың жоғарғы терезелерiнде пайда болатын хабарламалар, олар маңызды өзгерiстер, жаңартулар немесе оқиғалар туралы хабар бередi. Мысалы, оқылмаған хабарламалар, әлеуметтiк желiлердегi жаңартылған жағдайлар туралы ескертедi. Бұл хабарламалар тегiн болып табылады, тек Интернетке кеткен трафик жұмсалады.
Мобильдiк үкiметте электрондық үкiмет порталы, ХҚКО және egov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы тiркелуге болады. eGov порталы немесе моб. қосымшада тiркелу кезiнде ұялы телефонның нөмiрiн көрсету жеткiлiктi.eGov.kz Мобильдiк қосымшаны мобильдiк құрылғыға төмендегi сiлтемелер бойынша өтiп жүктеуге болады:
• Google Play-дегi eGov.kz Мобильдiк қосымшасы (OS Android), (0.0.61 нұсқасы, өлшемi 12 Мб, 2015 жылғы 04 ақпандағы жаңару, талап етiлетiн нұсқа Android — 4.0 немесе ең соңғысы)
• App Store-дегi eGov.kz Мобильдiк қосымшасы (OS iOS), (1.0.4 нұсқасы, өлшемi 23,3 Мб, 2015 жылғы 03 наурыздағы жаңару, талап етiлетiн нұсқа iOS — 7.0 немесе ең соңғысы).




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑