banner-top12

Алыстағы ағайын Kazakh President Nursultan Nazarbayev holds a final press conference of the Organisation for Security and Cooperation in Europe (OSCE) Summit in Astana in the early hours of December 3, 2010. The first summit of the OSCE in over a decade failed in its aim to agree an action plan to revamp the trans-Atlantic security group's powers to react to crises, an EU diplomat said.Diplomats said that efforts to find a deal had been torpedoed by disagreements over Georgia, with whom Russia fought a war in 2008, and the Armenia-Azerbaijan dispute over the Nargorny-Karabakh region.    AFP PHOTO/ VYACHESLAV OSELEDKO

Қосқан уақыты Қазан 10, 2016 | 446 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САХНАҒА КӨТЕРІЛУІ

АБДУЛҚАЙЫМ КЕСИЖИ

Саясаттану ғылымдарының докторы, Германия.

kessiji

Қазақстанның халықаралық бедел статусын батыстық саясаттанушылардың  көзімен талдауға арналған бұл баяндама негізінен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде, Қазақстанның халықаралық қауымдастық қатарындағы орны туралы қысқаша мағлұмат беріледі. Екінші бөлімде, Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалығы мәселесіне жалпы талдау жасалады.

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК САХНАДА

Қазақстан әлем сахнасының төрінен орын ала бастады. Қазақстанның мұндай сатыға көтерілуіне, елдің қарқынды экономикалық дамуы және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы өсуді  жалғастыра отырып елінің халықаралық көлемде беделін көтеруге арналған ішкі және сыртқы саясат-шаралары негізгі қозғаушы күш болып отыр. Статистикалық анықтамаға қарағанда, 2008  жылдың бастапқы кезеңіне дейін Қазақстанның жалпы Ұлттық Қарызы (ГДП), 2000 жылғымен салыстырғанда екі есеге көбейген. 2007 жылы жалпы Ұлттық Қарызы Қарызы (ГДП) жан басына шаққанда 6500 Американ долларына дейін көтерілген. Мұның өзі, президент Назарбаевтың Қазақстанды аумақтық экономикалық өсудің локомотивіне айналдыруға күш салып отырғандығын көрсетеді. Негізінен алғанда, мұндағы статус қана Қазақстанның әріптес ретінде Ресей, Қытай, Америка және Еуро Одақ секілді халықаралық қауымдастықтың елеулі актілері алдындағы тартымдылығын арттыра түседі. Бұл өзі солай да болып жатыр.

Дегенмен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдері қатарында орын ала бастауы, Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясатын жалғастыруын да талап етеді. Бұл жағдай, президент Назарбаевтың жыл сайынғы  халыққа жолдауларында  да баса көрсетіліп жүр. Бұл орынды да. Өйткені, аймақтағы ірі елдер өздерінің жүргізіп отырған сыртқы саясат шараларында Қазақстанның мүдде мақсаттарына үнемі назар аударып отырмайды, тіпті көптеген жағдайларда оларды ескерусіз қалдырады. Сонымен Қазақстан тұрғысынан, бірқатар жағдайларда, кейбір көршілерінің мүдде-мақсаттарына қарама-қарсы келсе де, жахандық  сыртқы саясат жүргізуі барған сайын өте маңызды болып отыр. Президент Назарбаев Қазақстанды аумақтық күшке айналдырып қана қоймай, жалпы Орта Азия өңіріндегі энергия, қазба байлықтар өндісіндегі, инфрақұрылым, оқу-ағарту  және денсаулық сақтау іспетті салалардағы өркендеудің жалғасуына тырысуда. Бұған қоса ол, Қазақ мұнай-газын шетелдерге жеткізетін транспорт-коридорлары, бір жағымен шектеліп қалмауын түрлендіру барысында көптеген елдермен, халықаралық фирмалармен келісімдер жасап, нақты нәтижелерге қол жеткізуде. Қазір, қазақ мұнай-газы батыста Ресей және Казказ арқылы Еуропаға және одан әріге, ал шығыста Қытайға жетуіне транспорт мүмкіндігіне ие болып отыр. Жалпы ЕуроОдақ елдері энергия саласында жалғыз Ресейге ғана тәуелді болып қалмау үшін, Қазақстанның энергия секторына қол жеткізуге қатты қызығушылық байқалып келеді. Сол үшін де олар Қазақ мұнайының транспорт-тасымалдауы үшін баламалы құбыр жүйелерін де ұсынуда. Әрине мұның бәрі, Қазақстанның ЕуроОдақ елдерімен деген қарым-қатынастарын нығайтып, оның Еуропа көлеміндегі  даңқ-беделін арттыра түсуде.

Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы Ұйымының (ЕҚЫҰ) төреғалығына кандидатурасын ұсынғанда, бірқатар ЕуроОдақ елдерінің белсенді қолдау көрсетуінде басқа факторларға коса, осы энергия коридорлары мәселесінің елеулі рөлі болғаны да аңғарылады.

ЕУРОПАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫНА ТӨРАҒАЛЫҒЫ

Ал, Қазақстан, Еуропаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық ететін Азия құрлығындағы тұңғыш ел, тұңғыш бұрынғы Советтік республика болды. 2007 жылдың қараша айының соңына таяу Мадридте өткен Еуропаның Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастығы  Ұйымына мүше 56 елдің сыртқы істер министрлері жиналысында Қазақстанның аталған ұйымның 2010 жылғы кезекті төрағасы болуын ұйғарған бір шешім қабылданды. Бұған Қазақстан оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Өйткені, Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ төрағалығына жету барысында бірқатар жылдарға созылған дипломатиялық науқан жүргізіп келген. Қазақстанның Еуроазия кеңістігінде жетекші рөл иеленуін қалаған Назарбаевтың, елінің ЕҚЫҰ-ның төреғалығына кандидатурасының қолдап-қосталуы үшін шетел үкіметтері қатарында жеке өзінің жұмсаған еңбегін ерекше атаған жөн.

Қазақ басшылары негізінен, Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болуын күткен еді. Ішінде Ресей және Германия да бар бұл ұйымға мүше Еуропалық елдердің көбі Қазақстанның кандидатурасын ашық түрде қолдап қуаттаған еді. Бірақ бірнеше мемлекет, атап айтқанда Британия, Чехия және Америка Құрама Штаттары Қазақстанның төреғалығы үшін 2011 жылы тағы ынғайлы болар еді деген көзқарас білдіріп, табан тіреп келген еді. Олардың таласы көбінесе демократиялық принциптер және саяси мәселелер төңірегінде болған еді. Дегенмен, бұл таластар Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері жиналысында Қазақстанның 2009 жылы төраға болуына қатысты бір ымраластыққа жетуге кедергі жасады. Ақыры, тараптар 2010 жылдың Қазақстанның төрағалығы үшін ең ынғайлы мезгіл болатыны туралы шешім қабылдады.

Қазақстан өз аймағында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі барысында, көп тарапты ынтымақтастық пен өзара тиімді ықпалдасуды дамыту мәселелерінде, халықаралық қауіпсіздік проблемаларын шешуде белсенділік көрсетіп, Ауғаныстан, Ирактағы жағдайды тұрақтандыруы жөнінде күш жұмсап, терроризмге, экстремизмге қарсы күрес, діндер мен мәдениеттер арасындағы ауызбіршілікті, диологты нығайтуы жайлы көптеген жұмыстар атқарған. Сонымен байланысты, ЕҚЫҰ- ның іс басындағы төрағасы, Финляндия сыртқы істер министрі Александр Стубб Астанада болған сапары кезінде, “біз Қазақстан ары қарай демократиялық реформалар жүргізуі жолымен 2010 жылы өзінің төрағалық етуі қарсаңында көшбасшылық қызметін жалғастырады деген сенімдеміз” деп нақты көзқарас білдірген.

Басқа жақтан, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы кезекті 17-ші сессиясы Астанада өтті. «ЕҚЫҰ транспаренттігі» деген тақырып астында өткен бұл сессияда ЕҚЫҰ-ның  56 қатысушы елдерінің көпшілігінен 270 парламентари қатысып, саяси, гуманитарлық, экономикалық, ғылыми технологиялық, экологиялық мәселелерден Кавказ және Таяу Шығыс аймақтарындағы шиеленістік-керістіктерге қатысты мәселелерге дейін, көптеген маңызды мәселелер төңірегінде пікірталастар  өткізді.  Сессия «Астана декларациясы» деген бір құжаттың қабылдануымен жұмысын қорытындылады. Бір қызығы, сол декларацияда басқа мәселелерге қоса, 1930 шы жылдардағы ашаршылықтың Украинада миллиондаған адамның өлуіне апарып соқтырғандығының ресми түрде танылатындығы да атап өтілді. Ол жылдары тек Украинада ғана емес, Совет Одағының басқа өңірлерінде де, соның ішінде Қазақстанда да миллиондаған адамның ашаршылықтың кесірінен қаза тапқаны белгілі. Сондықтан аталған декларацияның, тарихшылардың бұл мәселелер төңірегінде жаңа зерттеулер  жүргізіп, тың пікірлер ортаға салуына бастауы да мүмкін сияқты.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қарқынды өскен экономикасы, ұқыптылық пен шыншылдыққа негізделген сыртқы саясат-шаралары Қазақстанды аймақтық ықпалды күшке айналдырып үлгерді. Қазір Қазақстан Еуропа мен Азияның және Американың үкіметтері алдында маңызы арта түсіп, әлемдік энергия саясаттарының басты актілерінің бірі болуға бет алып отыр. Ал,  ЕҚЫҰ сияқты әлемдік беделі жоғары бір ұйымға төраға болу, Қазақстанның халықаралық статусын одан әрі көтеріп, оның тәуелсіздігін бекемдей түсті. Қазақстан секілді тәуелсіздігіне қауышқандығына көп уақыт бола қоймаған бір мемлекеттің, қасқағым сәттей халықаралық актерге айнала бастауы  бәрінен бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саясат-шараларының дәлдігін және табыстылығын аңғартады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑