banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Мамыр 31, 2014 | 674 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі М.Тәжинге Ресей ғылым академиясының шетелдік академигі дипломы табыс етілді

 

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжинге Ресей табиғи ғылымдар академиясының (РАЕН) құрметті шетелдік академигі атағына ие болды.
Дипломды табыс ету Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясыныңғимаратында болып өтті.
РАЕН Академиясы Президентінің бірінші орынбасары Лидия Иваницкая марапаттау рәсімі барысында қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, осы үдерісте ғылымның ерекше орын алатынына назар аударды. Оның пікірінше, М.Тәжинге берілген шетелдік академик атағы, Елшінің екі ел ғалымдар қауымдастығы арасындағы байланыстарды нығайтуда қосқан елеулі үлесінің, сондай-ақ казақстандық дипломат доктор және академик атақтары бар социология ғылымын дамытуда тигізген зор септігінің белгісі.
«Бүгінгі оқиға біріншіден мемлекет басшылары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Владимир Владимирович Путин белгілейтін қазақстандық-ресейлік байланыстардың ауқымы мен тереңділігінің көрінісі. Мен осында, еуразиялық ықпалдастықтың дамуына арналған Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жақында оқыған дәрісі барысында айтқандай, ғалымдар қауымдастығы мен Ресей қоғамы Еуразия экономикалық одағы идеясын қолдайтынын көріп отырмын», – деп баяндады М.Тәжин.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑