banner-top12

Ақпараттар ағымы 88

Қосқан уақыты Қаңтар 28, 2017 | 345 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазақстанның сноуборд құрамасына 12 спортшы кірген

Биылғы Универсиадада спортшылар медальдің он комплектісі үшін тартысқа түседі.

FISU- дің ережесі бойынша Студенттік ойындардың бағдарламасына сноуборд міндетті түрде енгізіледі. Қысқы Универсиадада ол 1995 жылы Хаке қаласында алғаш рет ойналып, бұл жарысқа 10 елден 29 спортшы келіп қатысқан. Ал сноубордтың медальі үшін болған ең алғашқы бәсеке 1999 жылы Попрад қаласында болып өтті. Оның бағдарламасына алып слалом, хафпайп пен сноборд-кросс секілді үш түрі енгізілді. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекенің барлық түрінде осы жолы Австриялықтар басым түсіп, медальдың тең жартысын олжалап әкетті. 2001 жылы Польшаның Закопане қаласында өткен Универсиадада сноуборд-кросс, параллельді слалом, алып слалом мен хафпайптан жарыс өтіп, оның бағдарламасы ары қарай кеңейе түсті. 2005 жылы Австрияның Инсбург қаласында ерлер жағы алғаш рет “биг-эйрден” сынға түсіп, 2011жылы Эрзурумдағы ойында ерлер мен әйелдердің слоупстайлы жарыс тізіміне енгізілді. Алматыда әйелдердің “биг-эйрі” алғаш рет жарыс жолына шығып, бұл жолы параллелді слалом, биг-эйр, слоупстайл мен сноуборд-кростан үлкен бәсеке өтпекші. 2017 жылғы Универсиадада Қазақстан құрамасы рекордтық көлемге жетіп, бірден 12 спортшы шығарғалы отыр. Сноуборд-кростан Максим Юдаев пен Олег Панин шығатын болса, параллелді слалом мен параллеллі алып слаломнан команданың намысын Роллан Садықов,Дмитрий Егоренко, Ксения тупик, Дарья Слободкина, Асылбек Бейсенов ,Жомарт Құмақбаев, Глеб Кармозин, Степан Деонисьев, Александр Алекссев пен Максим Ионов қорғамақ.

Финалдық жарыстардың кестесі:

30 қаңтарда. «Шымбұлақ» ТШК. Параллельді алып слалом (е/ә);

31 қаңтарда. «Шымбұлақ». Параллельді слалом (е/ә);

2 ақпанда. «Шымбұлақ». Сноуборд-кросс (е/ә);

5 ақпанда. «Шымбұлақ». Слоупстайл (е/ә);

7 ақпанда. «Табаған». Биг-эйр (е/ә).

Жарыс кестесі күн райына қарай өзгеріп кетуі де мүмкін.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑