banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 18 апреля, 2019 | қосқан shalqar | 143 рет оқылды

0

«Қазақтану» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті

    IMG_0512 IMG_0484IMG_0559 IMG_0505

Алматы қаласы, Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топтың «Қазақтану» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебитеі мен өнері, тұрмысы, ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Лекторийге ақын, Алаш әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдеш. «Дәстүр -салтым – қазақы қалпым» тақырыбындағы лекция. Лектор- салт-дәстүр академиясының акдемигі Болат Бопайұлы. Талғар ауданы мәслихатының депутаты Әбдіғани Базылхан, ақын, композитор Гүлнәр Шәмшиевалар қатысып, Қазақтану тақырыбында лекция оқыды.

Шараға белгілі этнограф жазушы Бопайұлы Болат, Қазақстан мен ҚХР-дағы қазақ мәдени мұралары жайлы этнографиялық еңбектердің авторы, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы, ардагер журналист, ақын, сыншы Аян Нысаналин, ақын, журналист Сейітқамза Сламхат, ақын, жазушы-публицист Болат Құрманғажы, ақын, жазушы Мұқан Мамытқандар қатысты.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑