banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_2125

Қосқан уақыты Сәуір 25, 2019 | 44 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«ҚАЗАҚТАНУ» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті

IMG_1629 IMG_1630 IMG_1631 IMG_1633 IMG_1634 IMG_1636 IMG_1637  IMG_1612 IMG_1623 IMG_1632 IMG_1643 IMG_1644

Алматы қаласы Сервистік қызмет көрсету колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топтың «ҚАЗАҚТАНУ» мәдени-ағартушылық лекторийі өтті.

Шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Лекторийде Халықаралық «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, антропология, этнология, этнография мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран «Рухани жаңғыру және Қазақ этнографиясы» тақырыбында, «Бәйтерек» жастар орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері Мейіргүл Қазыбаева «Рухани жаңғыру және мемлекеттік тіл» тақырыбында, ҚазТРК Алматы филиалы басшысының орынбасары, журналист Айдос Жұқанұлы «Рухани жаңғыру және жастар» тақырыбында лекция оқыды. Сонымен қатар шараға  Алматы қаласы Сервистік қызмет көрсету колледжінің студенттері қатысты.

Гулдана Ермекқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑