banner-top12

Ақпараттар ағымы 21083185_1522179981176061_6665481720141645068_o (1)

Қосқан уақыты Тамыз 26, 2017 | 266 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қазақтың тарихи орындары мен ескерткіштері» атты дөңгелек үстел өтті

21122576_1522179787842747_1519526043582123929_o 21015830_1522178604509532_6812138800721339001_o 21015879_1522179061176153_8173689515826915012_o 21015992_1522179441176115_8509057626752809134_o 21054888_1522182737842452_237717771778992341_o 21054898_1522181171175942_207661350504932164_o 21054898_1522189411175118_6250921504072975206_o 21055897_1522181601175899_5135371788018792583_o 21055965_1522180604509332_6248473480906167638_o 21083099_1522180941175965_6446318574455799852_o 21083185_1522179981176061_6665481720141645068_o (1) 21083763_1522179607842765_9073962753269300939_o 21105498_1522180374509355_3036206060622229082_n 21122365_1522178831176176_1055954397206774650_o 21122382_1522180911175968_5947538401404788193_o

 

2017 жылғы 25 тамыз күні Қазақстан Жазушылары кітапханасында  «Қазақтың тарихи орындары мен ескерткіштері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

Жиынды Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық  бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізінде «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында өткізді.

Елімізде ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кеңөрісалды. Алғашқы ескерткіштердің бірі – 1947 жылы Алматыда орнатылған Амангелді Иманов ескекрткіші. Одан кейін 1960 жылы – Абай Құнанбаевқа, 1969 жылы –Шоқан Уәлихановқа, Тараз қаласында 1964 жылы – Жамбыл Жабаевқа орнатылды. Басқа қалаларда да Қостанай облысы, Амангелді ауданында 1959 жылы – А.Имановқа, 1972 жылы – Ш.Уәлихановқа Қөкшетауда, Нүркен Әбдіровке 1969 жылы Қарағанды да еңселі ескерткіштер тұрғызылды. Осы сияқты тағы басқа көптеген мүсін-ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып есептелінеді.
Ел Тәуелсіздік алғаннан кейінде ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды. Олар: «Жамбыл» (1996ж., Алматы), ҚР Тәуелсіздігіне арналған кешен «Тәуелсіздік монументі» (1997 ж., Алматы), «Саяси қуған-сүргін зообалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш» (1997ж.,Астана), «Қ.Сәтбаев» (1999 ж.,Алматы), «СұлтанБейбарыс» (2000ж.,Атырау), қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған «Ордабасы кешені» (1997ж., Оңтүстік Қазақстан облысы) сияқты көптеген ескерткіштер бар. Елімізде сонымен қатар өнер, әдебиет, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне мүсін қою немесеолар тұрған үйдің қас бетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған. Қайтыс болған адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда-ақ пайда болған.

Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғамқайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға ескерткіш қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Ботан, т.б. мүсін өнері шеберлерінің қолынан жасалған еңбектер әлемге әйгілі.
Ендігі кезекте, әңгімені ескерткіш деген ұғымға және оның қандай түрлері болатындығына қарай бұрсақ. Ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы барзаттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды.
Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштер негізінен 4 түрге бөлінеді: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) өнер ескерткіштері. Сондай-ақ, ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Оған адамзаттың көнезаманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын жатқызамыз. Адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіші, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш, т.б. деп те түрліше жеткізуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорғандардың, Сақ дәуірінен, Көне түркі кезеңінен жеткен тас мүсіндер, құлпытас, қойтас, сағана, төртқұлақ, кесене, т.б. археологиялық және сәулет ескерткіштері –ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады.
Ал монумент деген ұғымның мағынасы – ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды.
Монументтер әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де – осы, көлемі нақты үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, көбінесе көрнекті жерлерге, қаланың орталық алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына орнатылды.

Осы және басқа да тақырыптар жиынның өзегі болды. Бүгінгі сакралды орындар жайлы жасалып жатқан жұмыстар  пікір-ұсыныстар айтылды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑