banner-top12

Ақпараттар ағымы Қазпошта

Қосқан уақыты Мамыр 25, 2015 | 587 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қазпошта Еуразиялық экономикалық одаққа арналған марка шығарды

392eb616afd0d905c6da7e795511d3b6

«Қазпошта» АҚ-ы Еуразиялық экономикалық одақтың 1 жылдығына орай ерекше тарту жасады. Олар «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясы бойынша жаңа пошталық марка шығарды.
Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісім Қазақстан, Белорус және Ресей елдерінің басшылары Астанада 2014 жылы 29 мамырда қол қойған болатын. Ақ Орданың аясында желбіреген Қазақстанның туы және ЕурАзЭҚ-тың символикасы бейнеленген марканың өлшемі 52 х36 мм. Номиналы 100 теңге болатын бұл марканың таралымы 5100. Ол «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.
Қазпошта биылғы жылы бұған дейін «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясы бойынша Жеңістің 70 жылдығына арналған үш маркадан тұратын пошталық блок шығарған еді. Құны 200 теңге тұратын бұл марканың таралымы 15 000 дана болатын.
Ал былтыр шықан 10 000 таралымымен шыққан пошта маркаларының тақырыптары мыналар: М. Лермонтовтың 200 жылдығы, атаулы құны 60 теңге; ақын Анна Ахматованың 125 жылдығы, атаулы құны 60 теңге; Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамту жол картасы», атаулы құны 150 теңге; Қазақстан Республикасының Энергетикалық Хартия Конференциясының төрағалығы, атаулы құны 100 теңге. Сондай-ақ, жүзеге асқан: үш маркадан тұратын, Ч. Чаплиннің 125 жылдығына орай шыққан пошталық блок, маркалардың атаулы құндары 60, 100 және 200 теңге; ядролық сынақтарды тоқтату және әлемдегі ядролық арсеналдарды жоюға бағытталған «Атом» жобасына арналған екі маркадан тұратын пошталық блок, маркалардың атаулы құндары 100 теңге; батыр Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арналған, бір маркадан тұратын пошталық блок, атаулы құны 60 теңге; Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған бір маркадан тұратын пошталық блок, атаулы құны 200 теңге. 6 000 дана таралымымен шыққан, атаулы құны 100 теңгеге тең Ілияс Жансүгіровтың 120 жылдығына және Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналып, Құлахмет Ходжиковтың 100 жылдығына орай шыққан, атаулы құны 50 теңгеге тең пошталық марканың таралымы 8 000 000.
«Бұл сериядағы маркалар филателисттердің арасында өте танымал. Себебі маркалардың тақырыптары ең маңызды ұлттық және халықаралық іс-шараларға, мерекелерге, Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекеттік жүйесіне, естелік және көрнекті тұлғалардың мерейтойларына және тарихқа қатысты» – дейді «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азат Машабаев.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑