banner-top12

Әдебиет i (3)

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2014 | 609 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қедей Нұрымшат Ізбасарұлы (Иран)

 

 

ТОЛҒАУ

 

Біссіміллә рахман рахим,

Мен едім қыр далада туған балаң.

Тоғыз ай, тоғыз күнде тапқан анам,

Айырыддық ел мен жерден туып-өскен,

Біз үшін жана қоныс болды қараң.

 

Алпыс жыл елге қарап кеңілің алаң.

Құдайым құтты қылсын, бастық қадам,

Ақырын бір Алладан шын сұралық,

Әр түрлі болып тұр ғой осы заман.

Білмейді еш нәрсені кейбір надан.

 

Жүргейсің, Нұрсұлтанжан, көңілің тасып,

Ел үшін жортып жүрсің ұйкың қашып.

Бұл күнде заң шығардың өзің басып,

Дұшпаның кетсе керек сенен қашып.

Құдайым берсін сізге жақсы нәсіп,

Шығардың пұлдың атын ақ теңге деп.

Я, Құдай, біз отырмыз, сәт теңге деп.

Шақырдың айдалаға кеткендерді,

Қоймадың айналада жеткен жерді.

Тасыдың аэроплан, қатарменен.٭

Ай туып, таңым енді атар ма екен?

Апырай, жылан жұтқан ен даланда

Мыңғырып малың жусап жатар ма екен?

Еңіреп ел-жұртынан кеткендерің

Ақ дәмін туған жердің татар ма екен?…

 

Басынан ақыл-қайрат егіз дейді,

Дұшпанға кісі ақысын жегізбейді.

Тумалас, туғандығың білініп түр,

Болмаса, той болад деп кім іздейді?

Қазағым, Елші аштың ажарымдай,

Иранның толықсыған базарындай.

Осыны көреміз деп ойлап па едік,

Сендердің семіреміз караңызға-ай.

 

Сіз ашсаң ідараны٭ осы жерден

Біз бармай енді сірә қаламызба-ай,

Тәубашы, жарық жұлдыз, айым туды,

Құдайым жақсы оңғарсын талабымды-ай.

 

… Нұрымшат – менің атым, тегім – Адай,

 

Рас па, мына күнге жеттім қалай?

Жыңғылды, Ауыздыбоз туған жерім,

Көкейден кетпей қойды-ау жылдар талай.

 

Ізбасар Кенжеқара – әкем аты,

Кісі еді жампоз, әйдік, асыл заты.

Солардың бәрі еске түскен кезле,

Көкірек қарс айырылып, жазам хатты.

 

Жетпіс жыл уһлеумен өтгі күнім,

Құшақтап көрістік қой енді бүгін.

Шырағым, азаматсың халқы сүйген,

Осындай іште жанған білсең сырым.

 

Дарияны дауыл қозғап, шықты толқын,

Айтылмай жатқан еді-ау бұдан бұрын.

Азаттық мұсылманға берілгесін,

Ұзарып шығып келед жаңа тілім.

 

Құдайым берсін көмек тілімізге-ай,

Енді ешкім қол салмасын дінімізге-ай.

Еңіреп жылап жүріп жетіп едік,

Бір Алла қылсын жарық күнімізді-ай.

 

Айтылған бұл насихат жарылқасын

Жаһанда жүрген қазақ, бәріңізді-ай.

Төрінен жырақ жүрген біз бір пақыр,

Көреміз біздер жақсы елімізді-ай,

Жаратқан жар боп шіркін бара алсақ,

Сағынған ата-баба жерімізге-ай.

 

Не жетед кіндік кескен өз жеріңе,

Қуалдық жақсы айтқан сөздеріңе.

Асылың артық туған жан екенсін,

Ел-жүртың риза ғой өздеріңе.

 

Жұлдызың жанып тұрған азаматсың,

Құлайым берсін қуат сенгеніңе,

Әркімдер келе бермес деңгейіңе.

Тәңірге өзім жатып қуанамын,

Нұрсұлтан, саған бақыт бергеніне…

 

Тілекке тілек косыллы.

Біріктіргей Алла басыңды.

Көмбеде жатқан көне едік,

Көңілдің кірі ашылды.

Шерменде жүрген жан едім,

Менің де мауқым басылды.

 

Көргеңдік айтқан – көсемдік,

Біліп айткан – шешендік.

Түсінсеңіз әлеумет,

Айтқан сөзім жетерлік.

Ираннан ашып ідара,

Ту байлап, пәршем٭ көтердік…

Гүмбед, Горган, Бендерше,

Бәріміз қолдап бұл істі,

Жақсы қылып бітірдік.

Осындай ауыз бірлікке

Етемін, Алла, шүкірлік…

 

Ту көтеріп, пәршем байлаған,

Сәрсенбінің сәтіне,

Жеткізсін Алла ниетіне.

Қанша адам тойға келед деп,

Мырзатай, бар ма сенің есіңде.

Ирани қазақ сау болса,

Қиналасың оның несінс?

 

Тойға барсаң тойып бар,

Жақсы киім киіп бар.

Жолдасыңды танып бар,

Атасы бірге болған соң

Әр қазақта намыс бар…

Бүл дүние алдауыш,

Біріңе сенген түріңіз,

Тату-тәтті жүріңіз,

Жалын болып көз жұмсақ,

Біз де өлгеннің біріміз.

 

Жақсыларға шайтан өш,

Мұсылманға құдай қош.

Ақтың жолы – ақиқат,

Ақиқат жолын бәрің тап.

 

Мен бір қартың көлбеген,

Еліне сусап шөлдеген,

Сексеннен асып өлмеген.

Зат қалмады өзімде,

Бұл дүниеде көрмеген.

Жетемін деп талайлар,

Маған қолын сермеген.

Накақ істі қылады,

Ақылы жетіп білмеген.

Алыстан дұшпан іздеме,

Табылады іргеден.

Өтірік айтпа, қиянат,

Өзім кетіп барамын,

Естіңіз созді, жағат,

Етеміз енді қанағат.

Шариғат пенен тариқат,

Аллаға жаным аманат.

 

Алданып жүрме аддауыш,

Азғантай дәулет жиғанға.

Амалыңды адалда,

Әуес болма арамға,

Жолдас болма жаманға.

Ұрсаң да қамшы өтпейді,

Бір баспайтын шабанға.

Жақсы тұрып, жақсы жүр,

Бұл секілді заманда.

Осыны айтып келемін,

Құлағы бар адамға.

 

Менің жолым тарылды,

Өмір шіркін арыллы.

Айтып келем барымды.

Кәрілік құрғыр қабаттап,

Алып бар әлімді.

 

Өзім кетсем сөз қалсын,

Кетейін тастап барымды.

Жақсылардан ат қалған,

Алымдардан хат қалған.

Бұл дүниеде кім қалған?

 

Бәрін де құдай өзі алған.

Талай да кеткен арманлар.

Білгенімді мен айттым.

Алланың ісі ғайып-ты.

Талайлар жолдан тайыпты.

Аман болғын, мұсылман,

Осылай өмір байыпты,

Мұратына сайыпты.

 

٭қатар – поезд

٭ідара – мекеме, кеңсе

٭пәршем – ту

Жинаушы Нияз ТОБЫШ




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑