banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_9182

Қосқан уақыты Шілде 30, 2016 | 488 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қоғамдық қабылдау өтті

IMG_9174 IMG_9176 IMG_9180 IMG_9179

Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Әуезов аудандық бөлімінің ғимаратында қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті  мен Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы  бойынша департаменті өкілдері жүргізді.

Қала тұрғындарының Мемлекеттік қызмет көрсетулерге қатысты барлық сұрақтарына Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директорының орынбасары Өксікбаев Оразхан Нұртайұлы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы  бойынша департаментінің бас маманы Игіліков Елнар Тоқтабайұлы жауап берді.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы  бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастырылатын мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта  ай сайын өтіп тұрады.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑