banner-top12

Қазақ диаспорасы IMAG2122

Қосқан уақыты Мамыр 14, 2013 | 986 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

 Қолы- өнерлі, ойы- өрелі жігіт

RZFF~OL])3EP`X~W23AG]{L PY_V00~V{_1PIJ6)ALLIVZL M)EXKSF8T@I@VDVFFG{@8W9 M7~G)J9VRB@_OD$)I96KH_I LTVE74L{Y{VK)543T7]GB[K LP0Q(I{AU`$HJA`)F_HHBV9   IMAG2182 IMAG2181 IMAG2180 IMAG2178 IMAG2175 IMAG2150 IMAG2149 IMAG2148 IMAG2146 IMAG2129 IMAG2127 IMAG2126 IMAG2123 IMAG2122 IMAG2119 IMAG2117 IMAG2112 IMAG2110 IMAG2105 IMAG2103  IMAG2095   IMAG1905  IMAG1903 IMAG1902 IMAG1900 IMAG1619 IMAG1618 IMAG1490 IMAG1478 IMAG1474 IBP4XI$R8WS}WNKA8RDP1N7 IA`W]~AQC)]Y2ECJE~K@OZW C4$[}}EK5B30RQ57Y($LQX1  4S[PMY`P6){1F]`QVQ2@~PK

«Өнер – туада қанмен, ана сүтімен келеді» дегенге өз басым сенемін. Шындығына келсек, Алланың тағдырға жазғанынан ешкім де аспайды. Бір қызығы,  біз оны олай ойлай бермейміз. «Ол – талант. Ол – қасиет, ол – ерекшелік» деп санаймыз. Ал ары қарай үңілсек, оның тағдырға берілген Алланың сыйы екенін білуге әбден болады. Мен бұл жерде өз көзқарасымды ғана айтып отырмын. Талантты адамды әр қырынан тану, кез-келген адамның өз еркінде. Менің түйсігім осылай сезеді.

1981 жылы ШУАР-ның Іле облысы, Құлжа ауданы, Әулие қыстағында дүниеге келген Айдын Молдахметұлы да қанында бар, жанында бар талантымен көрініп жүрген азамат. Оның қолынан шыққан сан алуан өнерді көргенде еріксіз кідіресіз. Біз біле бермейтін қазақтың осындай жігіттерін көріп, өзіңнің қазақ екеніңе тағы бір қуанбасқа болмас.

Айдын аспаздық мамандығын 2001 жылы бітірген . Өзі оқыған оқу орнын жақсы нәтижемен тәмәмдаған ол, бітірген соң белді бір орынның аспазы болып істейді. Өз кәсібіне шөгел Айдынның  қолынан шыққан әрбір тағамның дәмі бөлек. Ол өзінің мамандығын жан-тәнімен жақсы көретіні сонша, әр түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар еншілеп ел көзіне түсе бастағалы да біраз жылдың жүзі болды. 2010 жылы мемлекет бойынша өткен «20-реткі  Жоңго аспаздар мерекесі» мен «Мұсылманша тағамдар мәдениет фестиваліне» қатысып күміс жүлдені еншілеуі, Шинжиаң қазақтары үшін үлкен абырой. Бұл жарыстың мақсатының өзі – осы елдегі аспаздарды  және ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін дүниеге таныту екенін айқын аңғаруға болады. Мемлекет бойынша 300-ге тарта әр ұлттың өкілдері қатысқан бұл сайысқа, Айдынның алып шыққан тағам түрі қазақтың «нарыны» мен «қаттама самсасы». Ол, өз қолынан шыққан туындысымен келген жұртты таңдай қақтырды. Себебі, басқа ұлттардан қатысқандардың көбі бұрыннан тәжірибесі мол, талай жарыстарда үлкен жүлде алып жүрген аспаздар екен. Айдын мұндай жарысқа бірінші рет тәуекел етіп, қазақ ұлтының  ерекшелігін көрсету негізінде қатысқанын аңғартты.

Айдын тек бір ғана мамандықтың артында жүрген жоқ. Ол өзінің бойындағы артықшылықтарын халықтың қажетіне көрсетумен келеді. Соның бірі – хаткерлік өнері. Ол бұл жағынан да көзге түсіп, түрлі жарыстарға қатысып жүр. 2012 жылы 15  желтоқсанда тұңғыш реткі  Жоңго қазақ хаткерлік көрмесіне қатысып, дипломға ие болды. Бұл реткі көрменің де алға қойған мақсаты, мүддесі бар. Сол мүддеден шыға білген Айдын, алдағы уақытта да өзінің бұл саладағы өресін барған сайын шыңдай түсуге құлшынатынын айтады.

«Жігітке жеті өнер де аздық етеді» дегендей, Айдынның жазған тартымды мақалалары, аудармалары, хаткерлік туралы  көзқарастары «Шинжиаң газеті», «Іле газеті», «Іле жастары», «Іле кеші» сияқты басылымдарда жиі жарық көрген. Бұл да жас жігіттің бойындағы қасиеттің бірі. Қолынан өнер тамған, өнерін халқына сыйлап жүрген Айдынның жасаған түрлі қолөнер бұйымдары көргеннің көзін сүріндіреді. Түрлі маржандардан жасалған қолөнері мен қауын-қарбыз, асқабақтан жасалған оюлы тағамдарды көргенде жеуге қимайсыз. Бұл екінің қолынан келе бермейтін «өнер» деп айтуға әбден болады. Ол жасаған кез-келген туындының сұранысқа ие екеніне өзім де куә болдым. Біз білмейтін тағы да өнері бар сияқты. Өйткені, бір сөзінде «адам шындап құлшынса бәріне де қол жеткізеді, мен әлі талай қол жеткізетін жұмыстарды көзде ұстап жүрмін» деген еді. Сол сөзіне қарағанда, бұл жігіттің бойында жеті өнер емес, жетерлік өнер бар сияқты.

Мен Айдынның қолға алған ісін нәтижемен аяқтамай тынбайтынын, оның сөзінен-ақ байқадым. Ол өзін ешуақытта бос қалуға дағдыландырмапты. Бос отырудың өзі – «ауру» деп ойлаймын дейді. Әсіресе жастарға «бос қалу» деген, жалқаулықтың белгісі деп қарайтынын жасырған жоқ. Расында, кейбір жастарымыз әке-шешесіне қол артады. Өнері болмаса да, өзін түзу алып жүрдің өзі әке-шеше үшін үлкен көмек екенін жасыруға да болмас. Бұндай жастарымызға не айтамыз, «дені сау, басы аман болсыннан» басқа. Ал Айдын сияқты он саусағынан өнер тамған қазақ жігіттерінің жолы ашық, ойлаған мақсаты орындалсын!  – дейміз. Шын ниетімізден.

                                                                                       Лаззат ИГІСІН




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑