banner-top12

Ақпараттар ағымы 47e789723d7c67b241e38c9f11f6efec701851a1

Қосқан уақыты Шілде 16, 2014 | 593 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты

Үстіміздегі жылы 14 шілдеде француз басшылығының шақыруы бойынша Мемлекет Басшысының арнайы өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты.
Бұл жылғы мереке Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығымен тура келіп тұр. Елисей алаңында өткен дәстүрлі әскери шеруге алғашқы рет XX ғасырдың басындағы жанжалға қатысы бар барлық елдің өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімге 80 елдің делегациялары шақырылды.
Мерекелік шара барасында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Франция Президенті Франсуа Олландқа екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік сипатының маңыздылығы мен осы қатынасты одан әрі нығайтуға сенімділік білдіру баса айтылған құттықтау хаты табысталды.

ҚР СІМ Баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑