banner-top12

Ақпараттар ағымы 20130621182232

Қосқан уақыты Наурыз 18, 2015 | 572 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚР Президенті әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді жеңілдетуге бағытталған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін жеңілдетуге бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Мемлекет басшысы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімін жеңілдетуге, осы саладағы ақпараттық жүйелері мен дерекқордың интеграциясына, сондай-ақ жаңа мемлекеттік награда – «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава)» орденін тағайындауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ҚазАқпарат




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑