banner-top12

Ақпараттар ағымы 590x400-IMG_2931

Қосқан уақыты Шілде 15, 2014 | 522 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚР СІМ-де өткен кездесуде қазақстан-швейцариялық ынтымақтастығының оң серпіні аталып өтті

Ү.ж. 9 шілде күні Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Швейцария Конфедерациясының Федералды кеңесшісі – Федералды қаржы департаментінің Басшысы Эвелин Видмер-Шлюмпфпен кездесуі болып өтті, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар өзара саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық мәселелерін талқыға салып, екі елдің арасындағы серпінді және нәтижелі ынтымақтастыққа ризашылықтарын жеткізді. Қазақстан мен Швейцарияның қазіргі заманғы көптеген ғаламдық мәселелер бойынша ұстанымдары жақын әрі өзара ұқсас екенідігі аталып өтілді. Бұл өз кезегінде көпжақты құрылымдар шеңберінде ынтымақтасуға берік негіз қалайды.

Е.Ыдырысов пен Э.Видмер-Шлюмпф заңнамалық актілер деңгейінде ынтымақтасу Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси үнқатысудың маңызды факторы болып табылатынын ерекше атап өтті. Мысалы, 2012 жылы парламентаризм тәжірибесімен алмасу және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында «Қазақстан-Швейцария» Парламентаралық ынтымақтастық тобы құрылған болатын.

Екіжақты экономикалық қарым-қатынастардың позитивті тенденцияларына тоқтала келе, тараптар Қазақстан-швейцариялық Іскерлік кеңес пен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның рөлін алға тартты. Екі жақты экономикалық ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қазіргі таңда Қазақстан нарығында 200-ден астам түрлі салалардағы швейцариялық компаниялар жемісті жұмыс атқаруынан байқауға болады. ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы екіжақты сауда көлемі 4,4 млрд. АҚШ долларын құраған.

Швейцарияның энергияның баламалы көзін қолданатын технологияларды алға тартудағы ерекше рөлін ескере отырып, Е.Ыдырысов швейцариялық тарапты Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді атсалысуға шақырды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑