banner-top12

Ақпараттар ағымы 20150317093529 (2)

Қосқан уақыты Наурыз 17, 2015 | 572 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚР Үкіметінде ҮЕҰ-ға меморгандардың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету бойынша өкілеттігін беру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету бөлігіндегі мемлекеттік органдардың өкілеттігін азаматтық қоғам институттарына беруге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша жиын өткізді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жағдайы да талқыға салынды, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырысқа орталық меморгандар, қоғамдық ұйымдар, Қазақстанның Азаматтық Альянсы жетекшілері қатысты.

Б. Сапарбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік маңызы бар міндеттерді орындауға қабілетті.

«Елде жиырма мыңнан астам ҮЕҰ бар, олардың қызметіне шектеу қойылмаған. ҮЕҰ ресурстарын мемлекет, бизнес, шетелдік ұйымдар белсенді пайдалануда», – деді ол.

Б.Сапарбаев ҮЕҰ-мен тапсырыс беретін меморган айқындаған салада ғана ынтымақтасу тәжірибесі бар екенін айтты.

«Бұл ҮЕҰ гуманитарлық әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді, әрі сектордың материалдық-техникалық дамуын тежейді, себебі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмыс барысында толыққанды қаржылық қолдау ала алмайды», – деді ол.

Осыған байланысты, вице-премьер жұмыс тобын құруды тапсырды, олардың құрамында меморгандар мен ҮЕҰ өкілдері болуы тиіс. Ол ҮЕҰ мен меморгандардың өзара іс-әрекетін заңды деңгейде оңтайландырудың нақты ұсыныстарын әзірлейтін болады.

Сонымен қатар, Б. Сапарбаев орталық, жергілікті меморгандарға әлеуметтік саланың түрлі салаларында ҮЕҰ әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау тұрғысынан кешенді талдау жүргізуді, сондай-ақ әлеуметтік тапсырыс аясында бөлінген бюджеттік шығыстарды қысқартуға жол бермеуге назар аудару қажеттігін тапсырды.

ҚазАқпарат.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑