banner-top12

Ақпараттар ағымы image-18-09-15-04-29-9

Қосқан уақыты Қыркүйек 19, 2015 | 635 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Құжаттандыру мәселесіне араналған басқосу

image-18-09-15-04-29-1

image-18-09-15-04-29-18

image-18-09-15-04-29-5

image-18-09-15-04-29-6

image-18-09-15-04-29-12

image-18-09-15-04-29-13

image-18-09-15-04-29-14

 

image-18-09-15-04-29-16
Алматыда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Қазақстан Республикасындағы құжаттандыру және құжат рәсімдеу мәселелері” атты дөңгелек үстел өтті.
Жиын мақсаты – Елбасының үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» бағдарламасының 94-қадамын басшылыққа ала отырып, азаматтардың ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Халықты қазіргі қабылданып жатқан жаңа бағдарламалармен таныстыру, құжаттандыру және құжат рәсімдеу жолдары туралы толыққанды ақпараттар беру.
Қазіргі уақытта жеке тұлғаларды құжаттандыру үдерісі қызу қарқынмен жүруде. Жергілікті атқарушы органдар «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында азаматтар туралы мәліметтерді өзектендіру жөнінде бүкіл елімізде кампаниялар жүргізуде. Азаматтардың құжаттарында сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мекенжай мәліметтерін түзету немесе қайта құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жіберуде. Мұнда ХҚКО және Көші-қон полициясы қызметкерлері халықты құжаттандыруға байланысты мәселелерді жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, шетелдерден келіп жатқан қандастар да құжат рәсімдеу мәселесінде түрлі қиындықтарға тап келіп жатады. Осы олқылықтардың орнын толтыруға арналған жиынға Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқарамасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері қатысып, құжаттандырудың қазіргі жағдайы туралы баяндап берді. Азаматтардың құжаттандыру мәселесіндегі сан қырлы сауалдарына Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясының инспекторы, полиция капитаны Мадияр Аманжолұлы Сақыпбеков, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Көші-қон бөлімінің басшысы Күлсін Метербайқызы Ысқақова, Халықаралық “Жанашыр” қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Әпетова, Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығының менторы Алтынай Еділқызы Базар жауап берді.
Жиын өткен Қазақстан Жазушылары кітапханасы ұжымы 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесі мен Алматы қаласының “Қала күні” мерекесіне орай тақырыптық көрмелерімен таныстырды.
Құжаттандыру мәселесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге ерекше үлес қосып жүрген Халыққа қызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлері ХҚКО диреторының дипломдарымен марапатталды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑