banner-top12

Ақпараттар ағымы d398674a2ed791907306f3119613667a

Қосқан уақыты Сәуір 14, 2019 | 88 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Құралай көз, қолаң шаш» фото байқауы 

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құралай көз, қолаң шаш» фото байқауын өткізеді.

Мақсаты – қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке ,инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Ақылды да ажарлы,дарын да талантты,бұрымды қыздарды елге таныстыру.

Байқау материалдары 2019 жылғы 10 сәуір – 30 қазан аралығында zhanashyr@mail.ru электрондық поштаға қабылданады.
– Байқауға Қазақстан Республикасында тұратын 5 жас пен 35 жас аралығындағы барлық ұлт өкілдері қатыса алады.

Фотолар келесі талапқа сай болуы тиіс:

Суреттердің форматы – JPEG, мөлшері 300 dpi кем емес. Суреттерде жазу болмауы тиіс – авторлық, жылы, атауы және өзге символдар.

Суреттерді дайындау кезінде техникалық құраларды таңдауына шектеу қойылмайды. Ұлттық киімдегі қыздардың өрілген және жайылған фотосы болу. Монтаж жасауға және түрлі эффектілерді пайдалануға тыйым салынады. Баспа беттерінен түсірілген немесе электронды көздерден көшірілген (соның ішінде Ғаламтордан жүктелген) суреттер қабылданбайды. 3-тен артық сурет қабылданбайды.

Автордың аты-жөні, жасы, жұмыс немесе оқу орны, тұратын өңірі мен мекенжайы, электрондық адресі мен телефоны толық көрсетілуі керек.

Үздік фотолар БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші, екінші және үшінші орындар беріліп, жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастыру алқасы.

Анықтама үшін телефон: 87755022046, 8(727) 9738533, 87009738533

#CISC  #руханижаңғыру #құндылықтарды_қалыптастыру #жанашыр

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑