banner-top12

Шалқар Без 11

Қосқан уақыты Желтоқсан 25, 2006 | 1  151 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Құттықтаулар

   Изображение 002 Изображе55ние 004 Без 1 Без 6

 Құрметті “Шалқар-2” газетінің  ұжымы!

Бір кездері шеттегі ағайынның атамекенге оралуына  мұрындық болған «Шалқар» газеті, қазір «Шалқар-2» болып оқырмандар жүрегінен өз орнын тапқан еді.

Орда бұзар отыз жасқа толу бір  басылым жөнінен алғанда кемеліне  келіп, толысқан шағы есептеледі. Осы барыста «Шалқар» газеті уақыт  сынағынан сүрінбей өтіп, қазақ халқы  үшін өшпес еңбек  сіңірді.

Сіздерді 30 жылдық мерей тойларыңызбен құттықтай отырып, алдағы жерде шығармашылық табыстар тілейміз.

Құрметпен    «Қазақ әдебиеті» газеті ұжымы

 08.11.2006 ж.

 

554 DSCF5735

            Құрметті “Шалқар-2” газетінің  ұжымы!

Еліміздің ақпарат кеңістігінде бұл күнде газет-журналдар құдайға шүкір  көп, дегенмен олардың барлығы түгел зақ ұлтының мүддесі үшін күресіп жатпағаны әмбеге аян. Сонау  Кеңес үкіметінің  түкірігі жерге тимей тұрған уақытта «Шалқар» газеті жарық көріп, қиын-қыстау  заманда  Отанынан көшіп кетуге мәжбүр  болған бауырларымыздың қазақ  жерімен  байланысты болуын қамтамасыз етті.

Иә, содан бері Отаз жыл өтіпті. Өмірде болып тұратын  түрлі-түрлі  қиындықтар бұл басылымды айналып өтті деп айта алмаймыз, кейбір кездері өз  жұмысын  тоқтатып, біраз уақытқа созылған үзілістен соң, қайтадан жарыққа шығып тұрған бұл басылымның бүгінгі күнге аман-есен жетуі Сіздердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының қуанышы деп білеміз.

Газеттің мерей тойы құтты болсын!

Құрметпен   «Мәдениет» журналының ұжымы

 

«Шалқардың 30-жылдығына»

Арайлап атты ғасырда мынау нұрлы таң,

Қуанды қазақ, қуанды халқым, күллі жан.

Табысты қазақ шашылған төрт күл дүниеге,

«Біздің Отан», «Шалқарым» беріп оған мән.

 

Жазуды төте мұра ғып кетті Ахмет,

Салтыңды сақтап, тіліңді-дінмен жақын ет.

Дегенді жалғап ұрпағы келеді ардақтап,

Мыңда бір тәуба мархабат оған рахмет!

 

Жайылған елге ерекше ғажап бұл газет,

Қадірлеп оны қастерлеп оқыр бір мезет.

Шыңыраудан қазып, шымбайлап бәрін жазады,

Өміршең қылып, рухын оның гүлзар ет.

 

Еркіндік алып көркейді елім сүреңің,

Сен үшін «Шалқар», деп жүр ғой өмір сүремін.

Қуаныш, шаттық, мақтаныш кернеп бойымды,

Жырыңды жырлап соғуда тулап жүрегім.

 

Дәуірді мына еркіндік алған қарсы – алып,

Аймаққа жүрмін жария етіп жар салып.

Еліңе қосқан өлшеусіз сенің есең де

Күш-қайрат, рух бітірер бойға барса нық.

 

Келеді қашан санамды ашар «Шалқар» деп,

Тағатсыз оқып риза-қош боп алқар көп.

Бетіңнен сенің сыр шертпеген кім қалды?

Пердесін де аштың көре алмастардың, аусар көп.

 

Шалқарда нәрлі сөйледі мәнді шариғат,

Уағызын айтып ұрпаққа толған бәлиғат.

Түсінік беріп тарихқа терең үңіліп,

Ғылымнан-білім мұғлұмат алдың жамиғат.

 

Ар-намыспен айырмай Алла рухтан,

Пәледен-жала аластап, қорғап құрықтан.

Кең жайып қанат шарықтап «Шалқар» шыға бер,

Дәуірлеп алға айрылмай мәңгі ырықтан.

 

Сыр аштың «Шалқар», нұр құйып көңіл ойыма,

Қазақи рух тарады қанмен бойыма.

Елдігі менен ерлігін паш қып халқыңның,

Мойыма «Шалқар», шарықта әсте мойыма,

Үн қостым отыз орданы бұзар тойыңа.

 

Қорабаев Құдайберген.

Алакөл ауданы Көктұма ауылы.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

«Шалқарға» тілек

Қаламды қолға ап жыр жазбай,

Отырмас жаным жабығып.

Болғаны жақсы сырлас жай,

Көрсем ылғи сағынып.

 

Жаныма жақын сияқты

Ғажабын қалай айтайын,

Бөлісер бөлек сый жапты

Қазаққа ерек, байқаймын.

 

Бағалар есті ағайын,

Ойында, өзге харпымен

Төтеше жазған Абайым,

Шәкәрім, Ахмет парқы ең.

 

Өкінер жай жоқ,  өкінер

Еленбей жүр ғой демесек.

Ұрпақтар шығар өтінер,

Уақытта алда,

Келешек.

 

Шабытқа қанат бітіріп,

Қиялға ерік берді ой.

Осы бір күнге шүкірлік

Шалқар да шаттық болсын той!!!

  Ләззәт Игісін

 

Араб әрпі

Мектепте қолыма алғаш қалам алып,

Байтұрсын әліппесін қарап алып.

Оңынан салып өрнек ақ қағазға

Жазғаным қыздай ғана араб әріп.

 

Көз тартты осы әріпте  Құраным да,

Арабша ана деп сөз  құрадым да.

Шежіре, қисса оқыған осы әріпте,

Атамның үні әлі құлағымда.

 

Арабша оқып  Араб өлеңдерін

Есімде рақатқа бөленгенім.

Жазғанын осы әріпте көрді көзім,

Бертінде Мұқан, Ғабең өз еңбегін.

 

Таусылмас осы әріпте тарихым бар,

Өзгертпес әрпін жиі дамытыңдар

Азайып бара жатыр амал нешік,

Бұл күнде арабша хат танитындар.

 Оразақын Асқар

Без 4 Айтыс 058

 

Алысты жақындатқан

«Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық көрінеді» деген нақыл сөзді қолдану, бәлкім, бұл жерде қисынсыз шығар. Әйтсе де өрісі кең, иірімі терең, михнаты мол, тағылымы толайым қазақ баспасөзіне ат басын бұрғанда аялдаған алғашқы ауылға айналған «Біздің Отан», кейінірек «Шалқар» газетінің өзіме ыстық көрінері күмәнсіз. Құдайдың жазуы солай болған шығар, ол кезде қалың көпшілік біле бермейтін, білгендердің өзі бетіндегі көркем де келісті араб жазуын көріп мүдіріп қалатын айрықша басылымда өндірістік тәжірибеден өткен әрі диплом жұмысын осы газетке арнаған бірінші студент те, дипломдық еңбегі Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің жолдамасымен жұмысқа орналасқан алғашқы түлек те өзім екенмін. Тіпті, «Біздің Отан» 1990 жылы «Шалқарға» айналғанда көлемі кеңейіп, араб және кирил харіптерімен шыққанда жауапты хатшы ретінде жаңа газеттің алғашқы макетін сызып, безендіру бақыты да маған бұйырыпты. Бұл басылымнан мен көп нәрсені үйрендім. Әсіресе, өмірде оқыған-тоқығаны мол Уақап аға (У. Қыдырханов, бұрынғы Бас редактор, аяулы Әбекең (марқұм Әбдікерім Рахманов, бесаспап Майты аға (марқұм М. Юсупов), қадірменді Құрекең (марқұм Құрманбай Толыбаев), мейрімді Жамал апай секілді өз ісінің нағыз білгірлері жас қызметкерден ақыл-кеңесін аяған жоқ.

Асылы, жырақтағы жұрағатқа арналып шығарылған осы газеттің қалыптасып, салмақты да салиқалы басылымға айналуына құрылтайшы мекеме – Шетелдегі қазақтармен байланыс жөніндегі «Отан», артынан «Қазақстан» қоғамының төрағасы Шәнгерей Жәнібековтің үлесі ұшан-теңіз деп білем. Кезінде еліміздің Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін де атқарған Шәнгерей ағаның парасат-пайымы, өнегелі өмірі мен жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметтен түйген телегей тәжірибесі болмысы бөлектеу газет ісін өркендетуге де молынан жетіп жататын. Әсіресе, ол кісінің әрбір елдегі қазақ жұртының жетік білуі, оларға қалай қол ұшын созуға байланысты соны ұсыныстары тілшілердің тақырыпты ашуына таптырмас мүмкіндік-тұғын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Шәнгерей аға әділ де талапшыл басшы ғана емес, бастапқыда демеу мен сүйеуге зәру жастардың жанашыр қамқоршысы еді. Жас мамандарды қолдау, олардың қалыптасып, күні ертең сол ұжымның белді қызметкеріне айналуы үшін бар мүмкіндікті жасады. Көрнекті мемлекет қайраткерінің арқасында ол кезде сақа журналистердің өзіне қол жетпес арман болған баспанаға жас мамандар бір-екі жылда қол жеткізетін. Сол тұста балаң журналист, бүгінде Бас редактор Жаңыл Әпетованың қалың қазаққа қастерлі басылымның шаңыраған шайқалтпай, отын өшірмей келе жатқаны қуантады. Қайырылып қараған сайын алыстап бара жатқан сол жылдарға көз тастасам, өз басым Шәнгерей ағадай қара қылды қақ жаратын, қызмет бабын пайдаланып, қара бастың қамын күйттемейтін басшыны кездестірмеппін. Жуырда белгілі дінтанушы, ғалым Мұртаза Бұлұтайға жолығып қалдым. Түркияда туып-өсіп, Алманияда білім алған білікті де білімпаз азамат Шәкеңнің шапағатын асқан ризашылықпен ауызға алып отырды.

«Шалқар» тек шеттегі шерменде көңіл ағайын мен атамекен арасында рухани көпір қызметін атқарды деу әбестік. Ұлы ұстаз Ахаң (Ахмет Байтұрсынұлы) жасаған әліпби негізінде жарық көрген газет 90-шы жылдары басталған қандастарымыздың атамекенге түпкілікті ат басын бұру үрдісіне ұйытқы бола білді. Сондай-ақ, басылымда жарық көрген сырттағы ағайынның шығармашылық туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорын байыта түсті. Газет ұжымы шығарған төте жазу әліпбиі қалың бұқараның араб емлесін үйренуге сүбелі үлес қосты. Төте жазуды меңгеру зерттеушілерге мұрағаттар мен кітапханаларда шаң басып жатқан Шәкәрім, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып, Мұстафа сияқты алыптардың баға жетпес байлығын «аршуға» жол ашты.

Әңгімені алысқа апармай, осы жерден қайырсақ, «Шалқар» оқырманға  не берді» – деген сауал қазақ баспасөзі тарихын зертеушілерді көбірек ойландыруы тиіс. Біздің айтпақ тілегіміз біреу – ата-баба жазуымызбен жарық көретін жалғыз рухани байлығымыз мемлекеттік деңгейде қолдау көріп, оқырман өрісін кеңейте берсін деген тілек.

Срайыл Смайыл,

Мемлекетаралық «Мир» телеарнасының Бас редакторы

        

 «Шалқарды» оқығанда

Көл шалқар кеше көрдім айдыныңды…

                               Қуандық Шаңғытбаев

 

«Мені ұқ ,-дегің,- келсе құранды ұққың»,

Шаттандық «Шалқарды» оқып, қуандық мың.

Ол өзі тәтті жыр боп қалады есте,

Секілді «Көл Шалқары» Қуандықтың.

 

Мағжандар, Ахметтер, Мыржақыптар,

Тізіліп тіл қатады кіл жаһұттар.

Үңілсең беттеріне айқара ашып,

Береді жүрегіңе бір бақыт нәр.

 

Ол өзі тәрізді алтын таң алауы,

Әлемге ала бұртып таралады.

Тұңғыйық тарих сырын түптен қозғап,

Халықтың жоғын іздеп таба алады.

 

Ол өзі адастырып бетпақта арлан –

Ғылым менен білімнен шеттеп қалман

Елім деп еңіреген зиялының,

Ізіндей шыңға төте жетпек болған.

 

Ұмытып күйді күйбең, ол-пұлымды,

Оқып ем ой-қиялым он құбылды.

Адамдық ар, иманды жуар тынбай,

Тоқтатпа дегім келді толқыныңды.

 

Ақ жайық, Ертіс, Іле ағыстары,

Естілсін дос-дұшпанға алыстағы.

Шабыттан, дегім келді, шын күйшінің,

Ғажайып қой қос ішекті қағыстары.

 

Қос ішек қуаныш-мұң, жүдеткенде,

Қиырда қимасты ойлап жыл өткенде.

Арқалап ақша бұлтын сағыныштың,

Жет «Шалқар», жет шөлдеген жүректерге.

Қабылхан Күзембаев.

Изображение 693DSCF9119  DSCF9128

IMG_3738
                                       Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ
Дүниежүзi қазақтары құрылтайы Төралқасының мүшесi
                                ШУАР телеуниверситетiнiң профессоры
                            ҚХР мен ҚР жазушылар одақтарының мүшесi

Asa qurmetti basredaktor J.Apetov’a qarindas!

Asa qurmetti “Shalqar” ujimindaghi qizdar men jigitter!

“Shalqardinh” orda buzar otizdaghi mereytoyi qutti bolsin!

 

A.Baytursinov’ atamizdinh alippesin bvginge deyin qoldanip kele jatqan Qitay qazaqtari bolsa,Qazaqstanda onimen ma’ndi awen koterip kele jatqan Sizdersizder.”Shalqar” Qitayda kop oqirmangha ye.Biraq jeter  joli tar .Zaman algha basqan sayin ol kenhytin shighar.

” Shalqargha” men zor raxmet aytarliq borishkerlik sezimdemin.Oytkeni ol jane oninh eksbasredaktori Q.Wahap mirza meni jane meninh shigharmalarimdi on bes jil burinnan bastap-aq tanistirghan edi. Bul daghdi kehsege deyin jalghasti.RaxmetAynalayindar!

Qazaqstan da latin jazwina koshwdi qarastira bastadi.Biraq bul uzaq sapar.Qazaq tilininh martebesin o’z byigine jetkizbey turip latingha asighis oralw zyandi bolmaq.Koshkende de, talaygha deyin eki jazw qatar qoldanila berwi mvmkin.Sonda Qitay qazaqtari talaygha deyin tote jazwgha ,demek “Shalqar ” sekildi basilimdargha muqtaj. Endeshe “Shalqar ” jasay bersin! Oni basshilar qolday bersin dep tileyik!

Toygha jil ayaghina deyin baratin qatti qarbalastiq saldarinan bara almatindighima qatti okinemin.Biraq konhilim toyshi top ishinde.

Qizw quttiqtawshi – S.R.Janbolatov’

              QXR ,Vrimshi qalasi.  

                    1396408825_0056330




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑