banner-top12

спорт Volunteer Team

Қосқан уақыты Ақпан 23, 2017 | 581 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Құттықтауым мен алғысымды қабыл ал, Қазақстан!

Пабло Ежаргие Гонсалиез, Алматыда өткен  28-ші Универсиада волонтері,

Валенсия, Испания.

IMG_1788

Мен Алматыда өткен  28-ші Универсиада басталудан бірнеше күн бұрын келдім. Үлкен шараға дайындық қарбаласында жүрген ұйымдастырушылар, 26 қаңтар күні келген маған, менің қажетім болатын жерден, Шымбұлақ пен Алатау арасынан  айналысатын жұмысымды жылдам тауып берді. Жұмыстан қолым босаған уақыттарымды өзім құралыптас еріктілермен кездесуге арнадым. Әрине, әлемнің әр түкпірінен келген 3000 еріктінің бәрімен дидарласу мүмкін болмаса да, барынша көпшілігімен танысып, кездесуге тырыстым.

Құшақ жая қарсы алған әріптестерімнің бәрі менің мұнда келу тарихымнан, сонау алыстағы испан елінен не себепті келгенімнен,  неліктен  ерікті болуды таңдағанымнан, хабардар болғысы келді. Бәрін қызықтырған ортақ сауалдар осы еді. Мен өзімнің 16 жасымнан еріктілер қатарында көптеген елдерде болып жүргенімді айттым. Мұнда «испан тілді жергілікті шетелдікпін»  деп жауап бергенімде, бәрі таңырқасты. Олай дейтінім, қыркүйек айынан бастап Қазақ ұлттық университетінде  магистр дәрежесінде оқитынымды айттым. Танысқан әріптестерімнің бәрінің аты-жөнін есімде сақтамасам да, олардың жылы шыраймен құшақ жая қарсы алуы, еріктілер командасында өзімді жатсынбай, еркін сезінуіме әсер етті.

Осылайша, Алматы мені ғана емес, барлық спортшыларды қарсы алуға сақадай сай болды. Алатау, Алматы ареналары,  Балуан Шолақ, Халық арена, Шымбұлақ, Медеу, Табаған, Сұңқар спорт кешендеріне бөлінген еріктілер спортшыларды күтіп алуға дайын болды. Универсиаданың ашылу салтанаты жақындаған сайын, ұйымдастырушылар мен еріктілердің шаршаңқы жүзінен қобалжуды да байқауға болатын еді…

Ашылу салтанаты да басталды. Мен және мен сияқты мыңдаған еріктілер Алматы аренадағы салтанатты ашылуды ішінен тамашалаймыз деп күтпеген едік. Алайда, маған салтанатты ашылуды зал ішінен тамашалау бақыты бұйырды.  Осыған дейін де мен уақыт тауып, ашылу салтанатының дайындық барысын көріп таң-тамаша қалдым. Қазақстан өзінің бай мәдениетін, салт-дәстүрін тамаша қойылым арқылы көрсетіп, таныта алды. Осынау ғаламдық шараның ортасында бүкіл испан елінен қатысқан жалғыз өкіл ретінде, өзімді өте бақытты сезіндім.

Мен Универсиада кезінде Медал Плазда хаттама нұсқаушысы міндетін атқардым. Мұндағы негізгі жұмысым – марапатталушыларға марапат беру кезіндегі әрекеттерін түсіндіру, марапаттаушыларға медальдарды дайындап беру және т.с.с. Біз бұл жұмысты қазақстандық әріптесім Айнұр екеуміз жүзеге асырдық. Ол қазақша, орысша, қажет тұстарында ағылшынша түсіндіру жүргізді. Біз атқарған жұмыс Универсиаданың ең айтулы сәттерінің бірі еді. Біз өз жұмысымыздан ләззат алып, уақытты көңілді өткіздік. Универсиада бітсе де Айнұр екеуміздің достығымыз жалғасуда.

Медал Плазда өте жақсы еріктілер командасы мен ұйымдастырушылары болды. Біз әр күн марапатталушыларға марапаттардың дұрыс берілуіне сенімді болу үшін қарқынды түрде жұмыс істедік.Әр күнгі ұйымшылдықпен атқарылған жұмыс нәтижесінде әрқайсымыздың бойымызда бір үйдің адамдарындай туыстық, достық сезімдері нығая түсті. Барлық еріктілер арасындағы осындай  сезімдер Универсиаданың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.

Универсиада мұндай жоғары деңгейде өткенін көре отырып, оны ұйымдастыруда қаншама тер төгілгенін байқауға болады. Универсиаданы  ұйымдастырушылар өз еңбегінің жанғанына, мақсаттарының орындалғанына мақтануы тиіс. Мен оларды мақтан етем. Қазақстан осындай әлемдік шараны жоғары деңгейде ұйымдастырумен алдыңғы шепте болумен қатар, қысқы спорт түрлерінен алған медальдар саны жөнінен де екінші (36 медаль) орынды иемденіп, әлемдегі озық елдердің қатарында екенін дәлелдеді.

Shimbulak 2Volunteer TeamShimbulak 1

Қазақстандықтар Универсиадаға қатысушы спортшыларды да, еріктілерді де ыстық ықыласпен қарсы алып, қимастықпен шығарып салды. Әлемнің әр  түкпірінен барған қатысушылар бір-біріне бауыр басып, достасып кетті. Бұл, әсіресе, соңғы күні анық байқалды.Жабылу салтанатынан кейін әркім өздерімен бірге достық естелікке зат алмасулар басталды. Әркімнің үстінен әр елдің бір бөлшегін – Қытай курткасын, ЕЕUU сөмкесін, Чехия шарфын еріктілер қалпағын көруге болатын еді. Бұл әрбір елдің адамдары арасында шынайы ойын мен спорттық шеберлік арқылы достық көпірін сала алатынымыздың айқын дәлелі еді. Бір-бірімен қимай қоштасқан спортшылар мен еріктілер енді 2019 жылы Красноярск Универсиадасында да осы Алматыдағыдай сәттерді бастан өткеріп, бір отбасының адамдарындай болып қайта  бас қосуға уәде етті.

Дәл осы Қазақстандағыдай ерекше ыстық ықыласпен қарсы алып жатса, дәл осы жердегідей сезімді өткеріп жатсам, Красноярскінің «қатал қысы» да мені шошыта алмайды.

Мен осы Универсиада арқылы өзімді Қазақстандағы  Испанияның кішкентай елшісі ретінде сезіндім, себебі олар мен арқылы Испанияның бір бөлшегін біледі. Ал өз елімде Қазақстанның елшісі ретінде сезіндім, себебі, өзімнің әлеуметтік желідегі парақшаларым арқылы  Универсиаданы өз еліме, достарыма, туыстарыма таныстырдым.

Мен әлі күнге дейін Алматы Универсиадасының  еріктілерге арналған күртешесін киіп жүрмін. Ол біріншіден суықтан қорғаса, екіншіден әлемдік деңгейдегі Универсиаданың өтуіне үлес қосып, бір бөлшегі болғандығымды мақтан етуім үшін.

Қазақстан 28-ші Қысқы Универсиаданы өткізу  және  санаулы күндерден кейін Астанада өткізгелі отырған ЭКСПО-2017 көрмесі арқылы Халықаралық деңгейдегі  үлкен шараларды өткізе алатын мүмкіндігін  дәлелдеп отыр. Мен де әлем мойындаған Қазақстан сияқты мықты мемлекеттің өткізген шараларының  қатысушысы ретінде өзімді бақытты санаймын.

Құттықтауым мен алғысымды қабыл ал, Қазақстан!

Пабло Ежаргие Гонсалиез,

Валенсия, Испания.

 

 

19TH WINTER UNIVERSIADE: FROM ALMATY TO THE WORLD

Pablo Ejarque González

IMG_1788

Anyone thinking that Universiade started on January 29th, should have passed through the Athlete’s Village some weeks before, where the organization were working hard there, cutting out their resting hours to the minimum to get everything ready on time.

From my arrival on January 26th, they quickly found places where my help was required: from Alatau to Shymbulak, everywhere they need me, I tried to be. I spent the rest of my free time meeting other volunteers like me, even though it was completely impossible to meet all of them ( around 3000 volunteers took part in the Universiade), but I tried to meet as much people as I could.

From the very first moment they welcomed me with their arms wide open, whiling to meet me and to know my story. Why decided I to become a volunteer? and,  what was a Spanish doing so far from home? Those were the most common questions. I will never forget their faces after discovering that I am a “local foreigner”: Spanish but from September living in Almaty and studying a Master degree in KazNU’s University. Too many names to remember but I will not forget how warmly welcomed they made me feel, and how fast I was accepted inside the volunteer’s team.

Almaty was ready to receive the sportsmen and to start the competitions, in all its venues: the Athlete’s Village, Alatau, Almaty Arena, Baluan Sholak, Halyk Arena, Medeu, Shymbulak, Sunkar and Tabagan. As the opening ceremony approached, excitement could be noticed in the atmosphere and in the tired faces of the organizers and volunteers: the Argentinian delegation has not arrived yet; had the volunteers from Shymbulak received their lunch today?; is the Athlete’s Village ready for everyone? And thousands of last moment tests to be completely sure that everything would work properly.

Like me, hundreds of volunteers and other people wanted to watch the opening ceremony at the Almaty Arena, but I thought maybe I was not going to be so lucky to be able to see it from the inside. The day before, I found some free time at the same moment of the final rehearsal and I decided to try to get inside and become a spectator in a rehearsal that would be quite similar to the real ceremony. From that experience I obtained two conclusions: First, Kazakhstan knows how to show their rich culture, full of traditions and legends, through an amazing and astonishing spectacle. And second, and that the Spanish delegation was not coming to the Universiade and I would be the unique Spanish in the whole Games.

My main job during the Universiade was as a protocol instructor at the Medal Plaza. This consisted in welcoming the people who were in charge of giving medals to the awarded sportsmen, and explaining them how they should act during the process of the ceremony at the stage (even though for most of them that was not their first time giving medals). I shared this job with a Kazakh partner, Ainur, who was in charge, mainly, on the instructions of the personalities that preferred the explanation in Kazakh or Russian language, and also of some English explanations. My job with Ainur was one of the best experiences from Universiade. We enjoyed our work, had fun together and created a friendship that we still keep despite the end of the games.

Shimbulak 1Volunteer TeamShimbulak 2

With us, a great team of volunteers and organizers were in charge of the award ceremony at the Medal Plaza. We worked hard every day to be sure that each medal was given properly. After a couple of days, everyone could feel the brotherhood and the small family feeling that was surrounding us and that was getting bigger after each day of well-done work. That feeling at the end was completely shared between all the volunteers, whatever team they were part of, and that feeling is what made the Games so big.

After working beyond the competitions and stages between the organization, I can only say that I cannot imagine how difficult it is, and the amount of work that is necessary to organize an event like this. All the organizers should be highly proud of themselves and of the work they reached with their efforts and effort. At least, I am proud of them.

Kazakhstan had proved being at the cutting edge with this event, that he is a perfect host to the whole world and, at the same time, his abilities on the winter competitions reaching the second position of the countries with more medals: 36 in all.

Both athletes and volunteers, from different parts of the world and also from Kazakhstan, have felt warmly welcomed, accompanied and supported all the time by a country that was happy to welcome us. This was proved on the last day, after the closing ceremony, by a mesh of volunteers, athletes and organizers grouped at the Athlete’s Village to exchange pieces of their equipment and their uniforms while talking about competitions, congratulating winners, joking as friends, and agreeing to meet at the next Universiade. From that moment it was not unusual crossing with someone wearing clothes form different nationalities like the jacket from China with the EEUU’s bag, the volunteer’s hat and the Czech Republic scarf… This is a clear example of how we can build bridges and friendship between people from different countries through fair play and sportsmanship.

Promises of joining again at the next Winter Universiade in Krasnoyarsk 2019 were made, to live again the same experiences and moments that we have lived in Almaty, and spend more time with this small family. The “Real Winter” that Krasnoyarsk announces does not scare me at all if they made me feel as welcomed and warm as I was here.

Through all the Universiade, I felt myself as a small ambassador of my own country to Kazakhstan because, now, they know a slight part of Spain because of me. At the same time, I feel as a Kazakh ambassador to my country, because through my social networks I introduced this event and this country to my friends and family.

Since the Universiade, I still wear the jacket from my volunteer’s uniform for two reasons: first, it is a nice defence beyond Almaty’s cold, and second, I feel proud of have been part of the volunteers team and of the work we contributed with to this event.

Thanks to the 28th Winter Universiade and to the, each second closer, ExpoAstana 2017, Kazakhstan is basing the perfect stage to show that this emergent country is ready to take part in all the international matters that proposals.

We are participants of a nation that wants to be recognized by everyone on the map.

Congratulations and thank you, Kazakhstan.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑