banner-top12

Ақпараттар ағымы 28.08.14Zhenminvan1_673_361_95

Қосқан уақыты Тамыз 30, 2014 | 582 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚХР-дың ҚР-дағы экс-елшісі Яо Пэйшэн: Қазақстанда міндетті түрде үш нәрсені көру керек: Астана мне Алматы қалалары, Каспий теңізі және сұлу кең байтақ далалары

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Қытайда танымал «Жэньминьван» ақпараттық сайтының бейне-порталында елімізге арналған Қытайдағы ҚР елшісі Нұрлан Ермекбаев және бұрынғы Қазақстандағы ҚХР елшісі Яо Пэйшэнның қатысуымен «Сұхбат» телебағдарламасының трансляциясы өтті.

Сұхбаттың негізгі тақырыптары Қазақстан Республикасының ғаламдық ядролық қарусыздану әрекетіне қосқан үлесі, «АТОМ» жобасы, Қазақстанның Ұлы Жібек жолындағы тарихи рөлі, инвестициялық және туристік әлеуеті, сондай-ақ Үрімші қаласында өтетін 4-ші «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесі болды.

ҚР Елшісі қытайлық интернет-пайдаланушыларға Қазақстанның ядролық қарусыздану және ядролық қауіпті азайту саласындағы бастамалары, соның ішінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ шеңберінде ядролық қарудан азат дүниеге жету жалпыға бірдей декларацияны дайындау туралы ұсынысы, елімізде МАГАТЭ Төменгі деңгейде байытылған уран банкін орналастыру және басқаларын атап өтті. Ол осы жылы маусымда енгізілген шетелдік инвесторлар үшін жаңа жеңілдіктер, сондай-ақ қазақстандық делегацияның Үрімшідегі «Қытай – Еуразия» көрмесіне қатысуы жөнінде хабардар етті.

Яо Пэйшэн, өз кезегінде, Қазақстанда жұмыс істеген кездегі әсерлерімен бөлісті, еліміздің тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктеріне назар аударып, қытайлық интернет-пайдаланушыларды Қазақстанға баруға шақырды. «Қазақстанда міндетті түрде үш нәрсені көру керек: Астана мне Алматы қалалары, Каспий теңізі және сұлу кең байтақ далалары» – дейді ол.

Бұрынғы ҚР-дағы ҚХР елшісі Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм, жаңартылмалы энергия көздерін дамыту, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, көліктік тасымалдау және басқа салалардағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар, Н.Ермекбаев және Яо Пэйшэн қытайлық интернет-пайдаланушыларға Қазақстанның аумағында орналасқан және ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген Ұлы Жібек жолының нұсқалары, олардың қазақ халқының танымдылығын қалыптастырудағы мәні және туристік тартымдылығы тұрғысындағы перспективалары туралы айтты.

«Жэньминьван» ақпараттық сайты «Жэньминь жибао» газетінің негізінде құрылған Қытайдың ең ірі де танымал сайты болып табылады. Оған күн сайын 300 миллионға жуық адам кіріп қатысады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑