banner-top12

Ақпараттар ағымы 1

Қосқан уақыты Сәуір 10, 2015 | 458 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қырғызстандық әріптестер ХҚКО-ға келді

 

4 1 2 3

«ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалына Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік тіркеу қызметінің жұмыскерлері тәжірибе алмасуға келді. Құрамында 14 адам бар делегация қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын және Мамандандырылған ХҚКО-ны аралап көріп, іргелес отырып ілгері кеткен Қазақстан ХҚКО-ларына қызыға да таңдана қарады.Таныстыру жүргізген Филиал директорының орынбасары Жамал Баймұханбетоваға қояр сұрақтары да көп болды. ХҚКО-да 160 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін, тұрғындарға қосымша электрондық портал арқылы, мобилдік үкімет арқылы да қызметтер көрсетілетінін,өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары нәтижелі жұмыс істеп жатқанын білді. «Біздің мекеме тек кеңес берумен ғана айналысады. Сіздер сияқты мемлекеттік қызмет көрсетпейміз, тек консультациялар ғана береміз. Сіздердің ХҚКО әлдеқайда көп жұмыс атқарады екен. Біз де сіздердің тәжірибелеріңізді үйреніп, осылай жұмыс істегіміз келеді» – дейді қырғызстандық әріптестер.
Екі күндік сапармен келген делегация Қазақстандық әріптестерінен көп тәжірибе үйреніп қайтты.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑