banner-top12

Сұхбат 1441751319822786

Қосқан уақыты Тамыз 13, 2014 | 1  709 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Қытай – Қазақстан үшін жаңа мүмкіншілік

Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ “Айқын” қоғамдық саяси республикалық газетіне берген сұхбаты.
– Елші мырза, үстіміздегі жылдың ма¬мыр айында Азиядағы ықпалдас¬¬тық және өзара сенім шаралары Кеңесі¬не мүше елдер басшыларының IV сам¬миті өтті. Бұл Кеңесті құру идеясы Қа¬зақ¬стан тарапынан 1992 жылы айтыл¬ғаны белгілі. Азия кеңесі бастапқы кезеңімен салыстырғанда, қанша¬лық¬ты өзгерді?
– Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «Қырғи-қабақ соғыс» жылда¬рын¬дағы жағдайды реттеу үшін Еуропа¬дағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәсе¬лелері бойынша ұйым құрылды (ал¬ғаш¬қы кезде Кеңес болып құрылған). Сол кез¬де Азия құрлығында міндеттері және географиялық өлшемі жағынан ЕҚЫҰ-ға балама боларлықтай ұйым болмады. Қазақстан бастамасының түп-негізі де осы болды. 1992 жылы 5 қа¬зан¬да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясының 47 сессиясында Азия құрлығында ық¬пал¬дастықтың әртүрлі салалары бо¬йынша түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін мемлекетаралық үн¬қатысу алаңын құру туралы ұсыныспен шықты. Сенім мен өзара түсіністіктің іргесін қалыптастыру қажеттігі Азия¬дағы өзара ықпалдастық және сенiм шара¬лары жөнiндегi Кеңесті құрудың өзек¬тілігін тағы да дәлелдеп берді. АӨСШК құрылған кезден бастап, қазақ жағы ауқымды жұмыстарды атқарды, сал¬мақ¬ты нәтижелерге қол жеткізді. Кеңес қа¬бырғасында талқыланған, да¬йындалған құжаттар АӨСШК-тің саяси-құқықтық базасын қалыптастырды.
2006 жылдан Алматыда АӨСШК хатшылығы жұмыс істей бастады, оның жұмыс тобы және сарапшылар кезде¬-суі тұрақты түрде кездесуді дәстүрге айналдырды. Гуманитарлық, эконо¬ми¬калық, экологиялық, жаңа қауіптерге қарсы күрес және соғыс-саяси мәсе¬ле¬лер бойынша бес бағыттағы нақты жұ¬мыс жүзеге асырылды. Кеңес осылайша, 26 қатысушы-мем¬лекеттің басын қосқан, көпвекторлы дипломатияның тиімді форумына ай¬налды. Бұл планетаның тұрғындары¬-ның тең жартысы – 3,5 млрд тұрғыны бар Азия құрлығының 90 пайызы, әлем¬дік ІЖӨ-нің үштен бір бөлігі Кеңеске мүше мемлекеттердің үлесінде деген сөз. 1990 жылдардың басында бұл көр¬сеткіш 6 пайыздан аспаған.
– АӨСШК-тің алғашқы екі саммиті 2002 және 2006 жылдары Қазақстан¬да өтті. Форум жұмысының алғашқы жыл¬дарында шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар ғана емес, Қазақстан тарапынан да ұстамдылық байқалды дейді.
– Бізге Кеңестің жұмысына, шын мәнінде халықаралық сипат беру, оның Қазақстан үшін ғана емес, басқа қаты¬сушы мемлекеттердің де мүддесін қор¬ғайтын ұйымға айналатынына басқа¬лардың көзін жеткізу маңызды еді. 2009 жылы Қазақстан Республи¬ка¬-сы Сыртқы істер министрінің орын¬басары ретінде АӨСШК төрағалығын Түркияға өткізу және оның кезекті сам¬митін 2010 жылы Ыстамбұлда өткізу туралы келіссөздерге қатыстым. Сам¬мит¬тің Босфор жағалауында өтуі, оның мәртебесін түбегейлі өзгертті, Форумға шын мәнінде, халықаралық аренаға шы¬ғуға жол ашты. 2012 жылы келесі кез¬десуді Қытай Халық Республикасында өткізу және төрағалықты Қытайға тап¬сыру туралы қытайлық әріптестермен келіссөздерге қол жетті. Кеңестің төр¬тінші саммиті 2014 жылдың 20-21 ма¬мыры күні Шанхай қаласында өтті. Осы шара АӨСШК-тің тәжірибелік маңыз¬дылығын анағұрлым арттырды. Біз мұны қазақстандық дипломатияның маңызды жетістігі деп санаймыз.
АӨСШК – шын мәнінде, халықара¬лық мәртебеге ие болды, Азиядағы даму және қауіпсіздік жөніндегі халықара¬лық ұйымға айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңесті құру туралы идеясының түп қазығы да осы. Сіз бен біз мемлекет басшысының осыдан 20 жыл бұрын айтылған идеясының Азия құрлығында іске асқанына куә болдық.
– Үстіміздегі жылдың мамыр айын¬да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қы¬тай Халық Республикасына мемле¬кеттік сапармен барып қайтты. Сіз Қа¬зақстан – Қытай қатынастарын қалай бағалайсыз?
– Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы жан-жақты стратегиялық әріптестігін дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт¬тар¬дың бірі. Геосаяси және экономикалық мүдделер тұрғысында Қытайдың да біздің елімізбен өзара тиімді ынтымақ¬тастықты дамытуға қызығушылығы бар. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан – Қытай дипломатиялық байланыстарына 22 жыл болды. Бұл та¬рихи өлшеммен салыстырғанда, қысқа мерзім. Бірақ оған қарамастан, біздің елдеріміз сындарлы тату көршілік және өзара түсіністіктің тамаша үлгісін қа¬лыптастырды. Жалпы, Қазақстан мен Қытай ара¬сындағы екіжақты байланысты үш кезеңге бөлуге болады. 1993 – 2003 жылдар арасында (ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь тұсында) Қазақстанға қауіп¬сіздік мәселелері бойынша кепілдік бе¬рілді, шекара мәселесі түпкілікті рет¬тел¬ді, екіжақты байланыстарды дамытудың нормативтік-құқықтық негізі қаланды. 1994–2002 жылдар арасында делими¬тация мәселелері бойынша кешенді келіссөздер өтті, шекара белдеуі анық¬талды. Шекара мәселесінің реттелуі нәтижесінде өзара сенімнің негізі қа¬ланды, шекарадағы тұрақтылық кең спектрдегі екіжақты байланыстарды жеделдетті. Бұл үрдіс 2003 – 2012 ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның тұсында да жалғасты.
Экономикалық және инвестиция¬лық ірі жобалар – «Атасу–Алашань¬коу» (Қазақстан – Қытай), «Орталық Азия – Қытай» мұнай-газ құбыры, Атырау қаласындағы газ-химиялық ке¬шен, Мойнақ ГЭС, «Хоргос» шекаралық бекеті, «Батыс Еуропа және Батыс Қы¬тай» автомагистралі секілді жобалар бас¬¬талды. Оның біразы жүзеге асы¬рылды. Алдағы уақытта «Қазақстан – Қы¬тай» мұнай-газ құбыры жыл сайын 20 млн тонна қазақ мұнайын экспорттауға мүмкіндік береді. 2000 жылдары бұл көрсеткіш 1 млн тоннадан аспайтын. Экономикасын әртараптандыруға ба¬ғыттаған Қазақстан үшін мұнай-газ тасымалын мол мөлшерде қытай нары¬ғына жеткізу маңызды.
Екіжақты байланыстардың барлық саласын қамтитын құрамына 10 кәсіби комитетті біріктірген Қазақстан – Қы¬тай ынтымақтастық комитеті құ¬рылды. Экономиканың шикізаттық емес сек¬торын дамытуды көздейтін, сондай-ақ 2020 жылға дейінгі сауда-экономика¬-лық ынтымақтастықты орта және ұзақ мерзімді дамудың үкіметаралық бағ¬дарламалар қабылданды. Еларалық байланыстары үшін қабылданған бас құжаттар тауар айналымы құрылымын кеңейтуге, екіжақты сауда байла¬ныс¬тарында жоғары технологияның үлес салмағын арттыруға, сол арқылы тауар айналымын әртараптандыруға бағыт¬тал¬ған. Екі ел арасындағы тауар айна¬лымының бірнеше есе артуы да осы мер¬зімнің үлесіне тура келеді. 1992 жыл¬дары ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 104 млн АҚШ доллары болса, 2012 жылы тауар айналымын 25,6 млрд АҚШ долларына жеткізген Қытай біздің елдің ең ірі сыртқы сауда әріптесіне айналды. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 28,5 млрд АҚШ долларына жетті (ҚХР дерегі бойынша). Осылайша, 1992 – 2013 жыл¬дар арасында екі ел арасындағы тауар айналымы 300 есе өсті. Екі ел басшылары бұл көрсеткішпен шектеліп қалмай¬ты¬нын, тауар айналымын 40 млрд АҚШ дол¬ла¬рына жеткізу туралы міндет қой¬ғанын айтты.
Екі ел арасындағы достық қаты¬нас¬тарда жоғарғы деңгейдегі басшылары¬ның дәстүрлі тұрақты байланыстардың да әсері барын айту керек. 1992 – 2012 жылдар арасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағалары Цзян Цзэминьмен, Ху Цзиньтаомен әртүрлі форматта 33 рет кездесіпті. 2012-2013 жылдар арасында Қытай басшылығына жаңа толқын – Си Цзиньпиннің келуіне байланысты, екіжақты қатынастардың жаңа кезе¬ңінде ҚХР-дың жаңа басшылығымен байланысты орнату және дамыту ма¬ңызды міндеті қойылды.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылдың сәуір айындағы, 2014 жыл¬дың мамыр айындағы ҚХР-ға мемле¬кеттік сапарлары, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылдың қыркүйек айында біздің елімізге жасаған мем¬лекеттік сапары тарихи маңызға ие болды. Жалпы алғанда, екі жыл ішінде ел басшылары әртүрлі форматта 8 рет кездесіп, екі ел арасындағы сыртқы байланыстардағы дәстүрлі сабақтас¬тықтың стратегиялық диалог негізінде дамитынын тағы да дәлелдеді, дипло¬ма¬тиялық байланыс орнаған 22 жыл¬дағы еларалық байланыстардың даму үр¬ді-сін сөз етті, саяси, сауда-экономика¬лық және мәдени-гуманитарлық ықпалдас¬тықты жаңа деңгейге көтерудің меха¬низмдерін талқылады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапарлары барысында шамамен 40 млрд АҚШ долл жалпы сомасындағы келісімдерге қол қойылды.
Ведомствоаралық деңгейдегі байла¬ныстар да қарқынды дамып келеді. 2013 жылы Қытайға түрлі министрлік және ұлттық компаниялардан 120 делегация келді. Соңғы үш айда Премьер-министр¬дің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исе¬кешев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Бас¬қарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және министрліктер мен ведомстволар өкіл¬дері келіп кетті. Үстіміздегі жылдың же묬¬тоқсан айында Қазақстанға ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэ¬цянның ресми сапары және екі ел үкі¬мет басшыларының тұрақты кездесулер механизм шеңберінде екінші кездесу өтеді.
– Елші мырза, Қытай Қазақстан¬дағы шетелдік инвесторлардың ішін¬де нешінші орында?
– Бүгін Қытай–Қазақстанның ең ірі шетелдік инвесторларының бірі, ресми статистикаға сәйкес, Нидерланды және Ұлыбританиядан кейін үшінші орында. 2014 жылдың бас кезіндегі мә¬ліметтер бойынша, Қы¬тайдың Қазақ¬станға инвестициясының жалпы кө¬-лемі 20 млрд АҚШ доллларынан асты. Оның 5,7 млрд АҚШ доллары – тікелей инвестициялар. Голландия және Ұлыбританияда үшінші мемлекеттердің, соның ішінде Қытайдың капиталы қатысуымен оффшорлық компаниялардың үлкен саны бар екенін ескере отырып, айтыл¬ған бағалары шындыққа жақын деп ойлаймын.
– «Еліміздің мұнай-газ секторында Қытай үлесі жыл сайын артып келеді. Ал ҚХР-дағы қазақ инвестициялары сол деңгейде емес» деген пікірлер жиі айтылады. Сіз мұны немен түсіндіресіз?
– Соңғы жылдары қытай инвести¬циясы тек мұнай-газ секторында ғана емес, кәсіпорындарды қайта жаңғырту, ауыл шаруашылығы, өндіріс және ин¬фрақұрылымды да қамти бастады. «Қа¬зақстан – Қытай» мұнай-газ құбыры транзиттік және экспорттық әлеуеті¬мізді арттыруға жол ашты. Қазіргі кезде хош иісті көмірсутектерді өндіретін газ-химиялық кешен, Атырау МӨЗ-да мұ¬найды терең қайта өңдеу кешен құры¬лыстары, сондай-ақ Шымкент МӨЗ қайта жаңғырту жобалары іске асыруда. Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауыты (Павлодар қаласы), Мойнақтағы ГЭС (Алматы облысы), жол битумын шығаратын зауытының құрылысы жүзеге асты. Көмірді кешенді қайта өңдеу, ка¬лий, тыңайтқыштарды, пестицидтерді, глифосатты өндіру, мұнай-газ құбыр¬ларын және жабдықтарын шығару, ЖЭС құрылысы және басқа жалпы құны 15,4 млрд АҚШ долларына баға¬ланған 12 жаңа жобалары іске асыру басталуда.
Қазақстанның Қытайдағы инвес¬тицияларын айтсақ, ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, 2014 жылдың ба¬сында олардың жалпы көлемі 2,7 млрд АҚШ долларына жетті, соның ішінде 150 млн АҚШ доллары – тікелей, 8,6 млн АҚШ доллары портфельді инвести¬циялары. Қытай экономикасы (2013 ж. 9,31 трлн АҚШ долл) Қазақстанның экономикасынан 50 есе үлкенін ескере отырып, қазақстандық инвестициялар мұндай көлемі қомақты деп бағалауға болады. Біз инвестициялау үшін тиімді жобаларды іздеуді тоқтатқан емеспіз. Қытай нарығындағы қазақстандық инвестицияның басым көпшілігі жеке сектордағы қазақ инвесторларының үлесінде екенін айта кеткім келеді. Ұлттық компаниялардың инвести¬цияларын айта кетсек, қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК қатысумен Ляньюньган пор¬тында (Қытайдың Цзянсу провинциясы) құны 100 млн АҚШ долларына баға¬лан¬ған терминалы тиімді және маңызды жоба іске асып жатыр. 2014 жылдың 19 мамырында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға са¬пары кезінде екі ел басшыларының қବтысуымен қазақ терминалының ашы¬лу салтанаты өтті. Бұл жобаны жүзеге асыру қазақ тауарын Оңтүстік Шығыс Азияға, керісінше, Оңтүстік Шығыс Азия елдері тауарын біздің елге, Еуро¬паға тасымалдауға мүмкіндік береді.
– Соңғы кездері қазақстандық БАҚ беттерінде ҚХР-дан біздің елге жұмыс күшін тарту жайлы пікірлер жиі айты¬ла бастады. Нақты жағдай жайлы не айтасыз?
– «Стратегия – 2050» Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына қосуды міндеттейді. Инновациялық жаңғыру, елдің осы бағыттағы дамуы жоғары кә¬сіп иелерін қажет етеді. Елге шетелдік жұмыс күштерін тарту еңбек мигра¬ция¬сына қатысты ҚР Үкіметі жыл сайын бе¬кіткен квотаға сәйкес және қолда¬ныста жүрген заң шеңберінде жүзеге асады. 2013 жылы жергілікті атқару орындарының рұқсаты бойынша жұ¬мыс істеп жатқан қытай жұмыс күшінің саны 6333-ке жетті, бұл –осы жылғы бекітілген еңбек квотасының 3 пайызы. Қытай жұмыс күшінің негізгі бөлігі құ¬рылыс, кен өндіруші және өңдеу өнер¬кәсіп салаларына тартылды. Салыстыра кету үшін айтсақ, біздің елде қытай¬лықтардан өзге жұмыс істеп жатқан шетелдік жұмыс күшінің саны жүз мыңдап саналады. Өткен жылмен са¬лыстырғанда, шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы халық санына 0,7 пайызға азайды. Қазақстанда заңды түрде жұ¬мыс істеп жатқан қытайлықтардың санын емес, миграция саласындағы нор¬мативтік-құқықтық актілерді сақтауды бақылау жүйесінің әлсіздігінен қауіп¬тенуге қажет екенін айтқым келеді.
– 2010 жылы Шанхайда келуші¬лердің саны дүниежүзілік рекордты жаңғыртқан ЭКСПО көрмесі өтті. Сіз елші болып жүрген ел мұндай жеңіске қалай қол жеткізді? Мүмкін, бізге қы¬тай тәжірибесін қолдану қажет шығар деген тілек бар…
– Бүкіләлемдік «ЭКСПО – 2010» көр¬месі Қытайда 2010 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан арасында өтті. Оған 190 мемлекет, 50 ұйым және 73 млн адам, оның ішінде 64 млн Қытай азаматтары қатысты. Келушілердің саны жағынан Қытай 1970 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен «ЭКСПО – 1970»-тен асып кетті. Жапонияда өткен көрмені 64 млн адам тамашалаған болатын. «ЭКСПО-2010» көрмесіне күн сайын келген келушілер саны 400 мыңнан, ал кей күндері 1 млн адамнан асты. Са¬рап¬шылардың пікірінше, Қытай жетістігі келушілердің саны, халықтың басым көп¬шілігін келуге ынталандырған әкім¬шілік ресурс немесе «ЭКСПО – 2010»-нан түскен табыс қана емес, шараның жоғары деңгейдегі ұйымдастырылуы, жарнамалық-имидждік бағыттағы жұ¬мыстардың халықаралық деңгейде жүр¬гізілуі еді. Мысалы, «ЭКСПО – 2010»-ның өкілдері және құрметті елшілері ретінде атақты өнер және спорт қай¬раткерлері, соның ішінде Джеки Чан, Яо Мин, британ әншісі Сара Брайтман, екі мәрте олимпиада чемпионы Елена Исинбаева шақырылды. Көрме басталардан 1 жыл бұрын би¬леттер тек Қытайда ғана емес, әлемнің 18 елінде және интернет арқылы са¬тылды. 2009 жылдың желтоқсан айын-да 11 млн билет сатылып үлгірді. «ЭКСПО – 2010» көрмесіне келуші¬лердің 88 пайызы (64 млн адам) ҚХР азаматтары, соның ішінде Шанхай қаласының және басқа мекендердің тұр¬ғындары (Қытай халқы 1,36 млрд адам). Көрмеге келген шетелдіктер саны 8,5 млн адамнан асқан жоқ. Себебі жыл сайын Шанхайға келіп-кететін туристер саны 7 млн адамнан аспайды. Осыған қарағанда, «ЭКСПО – 2010» Қытайға келетін туристердің санының күрт өсуіне себеп бола алған жоқ, негізгі күш ішкі туризмнің мүмкіндігіне жұ¬мыл¬дырылды деген ойға келесің. Шанхай көрмесіне қарағанда, Ас¬танада өтетін «ЭКСПО–2017»-нің мерзімі жарты жыл емес, үш ай. Біз жоғарғы көрсеткішке жету үшін шетелдік туристердің әлеуетіне ғана емес, ішкі туризмге, тәжірибелі шетел¬дік әріптестеріміздің тәжірибесіне, ұлттық туристік инфрақұрылымның мүмкіндігіне, сондай-ақ «халықаралық туризмнің тартылыс нүктесі» – ЕО елдері, АҚШ, Жапония және Қытай¬-мен байланысты кеңітуге көбірек көңіл бөлуіміз керек.
– Елші мырза, шетелге сапарлай¬-тын Қытай туристерінің нақты саны туралы деректер бар ма сізде? Қытай опе¬раторлары өздерінің клиенттеріне біздің елді қандай ел деп танысты¬ра¬ды?
– 2013 жылы 96 млн қытайлық турист шетелге сапарлап, сапар бары¬сын¬да 120 млрд АҚШ долларын жұм¬сады. Қытайлар АҚШ, Франция, Швей¬цария, Ұлыбритания, Италия және Гер¬манияға жиі барады. 2012 жылы әлемдік «туризм шығынының» 24 пайызы ҚХР туристерінің үлесінде бо¬лып шықты. Қазір әлемде 80-нен астам ел қытай туристері үшін бір-бірімен «бәсекеге» түсіп жатыр. Оның ішінде Таиланд, Индонезия, Иордания және басқа 18 ел ҚХР туристері үшін визалық жеңілдетілген тәртіп енгізілді. 2013 жылы біздің елге 20,5 мың қытайлық турист келіп кетті. Туроператорларының пайымдауынша, біздің ел туризмнің барлық саласы бойынша әлеуетін толық қолдана алған жоқ. Экотуризм, аль¬пи¬низм, жағажай, білім-ағарту, ғылыми, сауықтыру, тау-шаңғысы, діни-ағарту¬шылық бағыттары бойынша біздің ел басымдықтарға ие. Соңғы жылдары ҚХР компаниялары Азия елдерінің, «Жібек жолы» бойындағы елдердің ұлттық дәстүрлеріне, тарихына шындап көңіл бөле бастады.
– Қытайдың демографиялық өсімі біз тәрізді жері ұлан-байтақ, халқы аз елдерге қауіп төндірмей ме?
– Қытайдың демографиялық сая¬саты ҚХР билігінің бақылауында тұр. Және ол елдің демографиялық өсімді жасанды түрде реттеп келген саясаты да бәрімізге белгілі.
2013 жылы ҚХР Бала туушылық ту¬ралы заңға халықтың «қартаюы» мәсе¬лесін шешуге бағытталған өзге¬рістер енгізілді. Соңғы мәліметтер бо¬йынша, 1,36 млрд тұрғыны бар халық¬тың 15 жасқа дейінгі жастарының үлес салмағы бар болғаны 15 пайызға ғана жеткен. Ал 60 жастан асып кеткендер 20 пайыздан асып кеткен. Мұндай үй¬лесімсіздік үл¬кен әлеуметтік мәселе¬лерді тудыруы мүмкін. Өткен жылғы қа¬былданған де¬мографиялық түзету¬лер елдің барлық тұрғындарына ар¬нал¬маған. Демогра¬фиялық шектеулердің бәрін алып тастамайды. Тек жас аза¬мат¬тардың санын еселеп өсіруге бағыт¬тал¬ған. Қазақстандағы құзырлы мекеме¬лердің деректері бойынша, тек соңғы 18 жылда 71 мың қытай елінің аза¬мат¬тары біздің елдің азаматтығын қа¬был¬дапты. Оның басым көпшілігі – Қытай¬дан көшіп келген этникалық қазақтар. Бар болғаны 80 ханьзу азаматы ғана біздің елдің азаматтығын қабылдаған. 2014 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бо¬йынша, біздің елде 18,7 мың Қытай азаматтары тұрады. Оның 18,1 мыңы – этникалық қазақтар (оралмандар), 374 – ханьзу, 149 – ұйғыр, 77 адам басқа ұлттың өкілдері. Сонымен бірге біздің елде 100 мыңнан 500 000-ға дейін басқа елдің азаматтары тіркелген. Оның 12-18 мыңы тұрақты түрде тіркелген. Демек, Қытайдың «демографиялық қаупі» деген пікір тым асырылған. Әри¬не, миграция мәселелері өте маңызды, сон¬дықтан оларға тұрақты түрде сарап¬тама, мони¬торинг қажет. Қытай мемлекеті шетелдік азамат¬тар, оның ішінде қазақстандықтар үшін барынша жеңілдетілген визалық жүйені реттеуді қолға алды. Қазақстандықтар Шыңжанның аумағында «Қорғас», «Достық-Алашанькоу», «Майқапшағай-Зимунай» бекеттерінде өткенде 1 тәулік, «Бақты-Тачэн» (Чугучак) бекетінде өт¬кенде 3 тәулік бойы қытай визасыз аял¬дай алады. Сондай-ақ Бейжің арқылы үшінші елдерге транзитпен бара жатқан ҚР азаматтары Бейжіңде 24 сағат визасыз аялдауға мүмкіндіктері бар.
– Екі ел арасында трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалану, оларды әділ бөлісу туралы мәселе көптен тал¬қыланып келеді. Қазір осы келіссөздер қай деңгейде талқыланып жатыр, нәтиже бар ма?
– 24 трансшекаралық өзендерді (ТШӨ) бірігіп пайдалану екі жақты қатынастардың ең маңызды және күр¬делі мәселесі Трансшекаралық өзен¬дерді пайдалану және қорғау жөніндегі біріккен комиссия, сондай-ақ сарап¬шылардың жұмыс тобы тұрақты түрде жұмыс істейді. Трансшекаралық сипаты бар өзен¬дер бойында орналасқан 14 елдің ішін¬-де Қазақстан ғана бұл мәселені келіс¬сөздер барысында алға жылжыта алды. Нәтижесінде, бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды, соның ішінде трансшекара¬лық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы (2001 ж.), ТШӨ-де ғылыми-зерттеу ын¬тымақтастықты дамыту туралы (2006 ж.), трансшекаралық өзен суларының сапасын қорғау туралы (2011 ж.) және басқа келісімдер. 2013 жылдың шілде айында Хоргос өзенінде «Достық» бі¬ріккен су торабын ресми түрде пайдала¬нуға беруді табысты ынтымақтастың көрнекті үлгісі деп айтуға болады. Қазіргі кезде 2011 – 2014 жж. ТШӨ-де су бөлу жөніндегі техникалық жұ¬мыстар Жоспарын жүзеге асыру аяқ¬талып келеді. Тараптар осы жұмыс аяқ¬талған соң, ең маңызды құжат ТШӨ-де су бөлу туралы келісімді дайындауға кі¬ріседі. Соңғы жылдары ҚХР басшылығы ТШӨ пайдалануда Қазақстанның мүд¬десіне қарсы келетін іс-әрекетке бар¬майтынын бір емес, бірнеше рет ресми түрде мәлімдеді. Бұл жағдай осы ба¬ғыт¬тағы келіссөздердiң нәтижелі болатын¬ды¬ғына сенім ұялатады.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың мамырда ҚХР-на мемле¬кеттік сапары шеңберінде ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларациясына қол қойыл¬ды. Онда тараптар аталған су бөлу тура¬лы үкіметаралық келісімнің жобасын қарауды және келісуді 2015 жылы бас¬тайтыны айтылған.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Гүлбаршын САБАЕВА

“Айқын” қоғамдық саяси республикалық газеті




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑