banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_6124 - копия

Қосқан уақыты Наурыз 7, 2019 | 202 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Қыз еркем, анасымен  көркем»

IMG_5750 IMG_5792 IMG_5752 IMG_5800 IMG_5795 IMG_5809 2 11 IMG_6106 IMG_6124 - копия 20190306_154027 IMG_5852 20190306_15451261320190306_153539

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Алматы қаласында ерекше бір кеш өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «ХХІ ғасырда ұлттық сананы жаңарту, ұлттық бірегейлікті сақтау»,  «Нұр Отан» партиясының  «Бақытты балалық шақ» жобасын жүзеге асыру мақсатында Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің ұйымдастыруымен өткен айрулар байқауына, жеті колледж қыздары бақ сынасты. «Қыз еркем, анасымен  көркем» атты байқаудың ерекшелігі – анасы мен қызының бірге өнер көрсетуі болды.

Байқау мақсаты – ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің  қолданылу аясын кеңейту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасының және отбасылық тәрбиенің маңыздылығын арттыру, ұлттық өнерді, салт-дәстүрді  насихаттау, жас ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухында тәрбиелеу.

«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайтуымыз қажет» – дейді Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ергазина Гүлнар Жүнісбекқызы.

«Қазіргі қоғамда қыздарымыз ар-ұяттан аттады, ұлттың генетикалық, этникалық дара қасиеттерінен айырылып барады деп алаңдаушылар көп. «Қыз тәрбиесі» өте өзекті проблема болып табылады.  Ұйымдастырылып отырған іс шара ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас маңыздылығын ашу,  отбасындағы жарастықты, сыйластықты қарым-қатынастың дамуына ықпал ету», – дейді колледждегі «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Таргапбаева Бану Жолдасқызы.

Сайысқа түскен анасымен қызы өздерін таныстырудан бастап, «Шебердің қолы ортақ», «Алғыр болсаң, тауып көр», «Қыз – халықтың гүлі, өнер – сауықтың гүлі»  аталымдары бойынша өнер көрсетті.

Сайысқа еліміздің қоғам қайраткерлері, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, Қазақ радиосының шолушы редакторы Гүлбану Мұхтарқұлова, Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ кәмілетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Әсем Әлиева, Әуэзов ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышев және көп балалы «Батыр ана» Ұлдаш Әбдікәримовалар қазылық етті.

«Анасын көріп, қызын ал» дегендей, қыз тәрбиелеп отырған анасы қызына қандай тәрбие, өнеге бергенін көрсетсе, қызы анасынан көргенін, алған тәлім-тәрбиесін ортаға салды. Байқау барысында салтын сақтаған, қалпын сақтаған аналар мен ізін жалғаған арулар барын паш етті.

Өнегесі мол мұндай байқаулардың жастарға берері көп екені даусыз.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑