banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 18, 2014 | 712 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Римде «Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

 

Ағымдағы жылдың 17 мамырында Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі Азия және Жерорта теңізі мәселелері жөніндегі (ISIAMED) итальяндық институтпен бірлесіп, Италия Парламентінің ғимаратында «Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Италияның саяси, сарапшылық, академиялық орта өкілдері қатысты, – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамалары, оның ішінде біздің елдің жаһандық ядролық қарусыздандыру үдерісіне және мәдениетаралық және дінаралық диалогты алға бастыруға қатысуы, Қазақстан кандидатурасының 2017-2018 жылдарға БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне өтінімі, «G-global» жобалары және Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция, Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу, интеграциялық үдерістер және Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қою туралы мағлұматтар таныстырылды.
Дөңгелек үстел барысында ҚР-ның Италиядағы Елшісі А.Елемесов пленарлық баяндама жасады. Қазақстандық дипмиссияның басшысы өз баяндамасында тәуелсіздік кезеңі ішінде еліміз өзін әлемдік аренада айтарлықтай саяси салмаққа ие табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде көрсете білгенін атап өтті. Қазақстанның аймақтық және жаһандық үдерістердің қатарына белсене қатысуы оның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін жан-жақты ақпараттар мен әр түрлі амалдарды иелену мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Итальяндық тарап өкілдері өз баяндамаларында Қазақстан өзін сенімді халықаралық әріптес ретінде танытқанын, сондай-ақ күшті, тұрақты, айқын және, Ортаазиялық аймақтармен ынтымақтастық үшін едәуір деңгейде ықпалды ел болып табылатынын бірнеше мәрте атап өтті.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑