banner-top12

Руханият photo_53333

Қосқан уақыты Қараша 8, 2017 | 376 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІН НАСИХАТТАЙ ОТЫРЫП ІШКІ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ  

(Мақала Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізіндегі Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы бойынша жазылған.)

Әбішева Қаршыға Оспанқызы

Алматы қаласы, Туризм және ҚонақжайлылықИндустриясы колледжінің өндірістік оқыту шебері

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды даму мен қаржы салып әліде дамытатын салалардың бірі. Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көзі ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, тарихи орындар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Осы негізде Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштері мен тарихи орындарын насихаттау арқылы туризм саласының нақты бағыттарын айқындау қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекеттік деңгейде, Қазақстанның мәдени, тарихи, рухани естелік, ескерткіштерін жаңғыртып, тарихи орындарға жас ұрпақтардың тағзым етуі арқылы, тарихы мен өткенін білуге ықпал етіп отыр. Өскелең ұрпақтың өз мемлекетінің тарихи орындары мен, тарихи мәдени ескерткіштерін біле отырып, қадырлеп қастерлеп, ішкі туризм тетігін дамыту. Ішкі туризм арқылы сыртқы Халықаралық туризм деңгейіне көшу негізгі басым бағытта тұрған жайы бар. Мемлекеттік бағдарламаларды нақты атап өтсек. Бұлар:

  • Қазақстанның “Мәдени мұра” ұлттық жобасы (Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз.)

«Мәдени мұра», Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.

«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.

  • Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
  • ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
  • археологиялықзерттеулер;
  • қазақхалқыныңмәденимұрасысаласындағығылымижұмыстар;
  • ұлттықәдебиет пен жазулартәжірибесінортақтастыру, кеңейтілгенбейнежәнежұмысқатарларынқұру.

Әрине осы бағдарламаны жүзеге асыру негізінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мемлекет басшысының мақаласы да зор алға ілгерілетуші күш болғаны рас. Бұл бағдарлама Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталуының негізінде жүзеге асырылып жатқан бағыт-бағдар болып отыр. Осылайша, Қазақстан қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алған болатын.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыру әрине тек бүгін басталатын жұмыс емес.2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық.2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік.

Енді осы Рухани жаңғыру, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ыз қалыптасуы тиісті.

Осы негізде қоғамдық сананыөзгерте отырып Қазақстандық туризмді дамытуға бағыттау қажет. Ол үшін кесенелер: Жұбан-Ана кесенесі, Айқожа кесенесі, Абат-Байтақ кесенесі, Айша-Бибі кесенесі, Алаша хан кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Аяқ-Қамыр кесенесі, Бабаджа-Хатун кесенесі, Берел бейіті, Ботағай кесенесі, Домбауыл кесенесі, Жошы хан кесенесі, Жүсіп ата кесенесі, Қабанбай батыр кесенесі, Қалжан Ахун медресесі, Қарағұл кесенесі, Қарақожа мешіт-медресесі, Қ.А. Яссауи кесенесі, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары, Лабак кесенесі, Шокан Датқа кесенесі, Мақұл Там, Махамбет Өтемісұлының жерленген жері, Мерке әулиесі, Мірәлі баб кесенесі, Молда-Қалан кесенесі, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, Сангру II қорымы, Сарлы-Там кесенесі, Хызыр мұнарасы, Шаян ауылындағы мешіт-медресе, Ысқақ ата кесенелерін дамыту, жету жолдарын жақсарту, жарнамалау. Қазір бұл аймақтар тек белгілі бір топтардың баратын жерлері болып тұрғаны да рас.

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында туризмді дамыту мақсаты:

– туризмді экономиканың табысты салаларының біріне айналдыру.

– Республиканың туристік потенциалын дамыту.

-Мәдениет тарихын және табиғи байлықтарымызды сақтау және үтымды пайдалану.

-Туристік ресурстарды барлық халықтық қол жеткізу мүмкіншілігіне көңіл бөлу, тұтынушыларды максималды қанағаттандыру.

– Халықты ынталандыру.

– Мемлекеттік және жеке меншіктік туризм сферасының тиімділігін арттыру.

– Орта және шағын кәсіпкерлерді дамыту.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған болатын.  Рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтарымызға, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған. Негізі мақалада айтылатын дүние – ұлттың өзінің ұлттық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу деген дүние өте маңызды. Өйткені тамырынан үзілген бәйтерек ол жапырақ жаймайтыны сияқты негізгі дәстүріне тамырына сүйенбеген халық ұзаққа бармайды. Осы мақаланы алға ала отырып мемлекетіміздің көрікті, көрнекті жерлеріне саяхаттау мен көзбен көру негізінде туристік саланы дамытуға бағыттау қажет. Бұл тұрғыдағы жұмыстарды әрине, мемлекет басшысы әр Қазақстандықтың әрі құзырлы мекемелер алдына қойғаны да рас. Дегенменде, біз мемлекетіміздің патриоты ретінде ішкі туризмдіжаппай дамытуға бағыттап, болашағымызды көздесек, бұлбіздің қолымыздан келер үлкен жұмыс екені анық.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑