banner-top12

Ақпараттар ағымы кс - 17 076

Қосқан уақыты Сәуір 13, 2019 | 72 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топ құрылады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» атты  жоба аясында  Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қаласы «Достық» үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топты жасақтауға арналған жиын өткізеді.

Ақпараттық-насихаттық топтың  мақсаты – Қазақстан этностары коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, өзара іс-қимыл саласын кеңейту. Сондай-ақ, насихаттық топ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Топ құрамына ҮЕҰ өкілдері, сараптамалық қауымдастық, этно-мәдени орталықтарының көшбасшылары, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері, тарихшылар, этнографтар  тартылатын болады. Жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жұмыстарының формалары мен механизмдері, ақпараттық-насихаттық тобының жұмысын үйлестіру бойынша  қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары, идеялары ортаға салынып, топтың алдағы  жұмыс жоспары жайлы айтылады.

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 19 сәуір, сағат 09-00-де.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы к-сі, 40 «Достық» үйі, Дөңгелек зал.

Ұйымдастырушы: Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры

Қосымша мәліметтер үшін: 8(727) 9738533, 87079198138, 87009738533 телефон нөмірлері арқылы және zhanashyr@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑