banner-top12

Руханият 071816_1435_1

Қосқан уақыты Қараша 8, 2017 | 398 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН ҰЛТТЫҚ САНА

 

(Мақала Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасы негізіндегі Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының  «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы бойынша жазылған.)

Әбдіқалықова Ғалия  Жолдыбайқызы,

Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы

Тұтас ұлт  болу үшін болашаққа қа­лай бағыт жасаймыз, бұқаралық сананы қалай өзгертеміз?«Сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес», – дегенелбасы көзқарасының негізі мол. Өзгеру үшін өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Әрбір адам өз Отанына деген мақтаныш сезімі, өз ұлтын терең сүюі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.Ұлттың сана-сезімімен ана тілін білу де, жері елінің тарихына зер салу, төл мәдениетін игеру де туындайды. Ана тілін білмейтін адам өзінің де, ел-жұртының да қадір-қасиетін жетік біліп, бағалай алмайды. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет.

ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Қазір басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктеріне қарамастан жаппай жастардың қабылдауында. Ұлттық биік сананы қалай қалып­тастырамыз, оны жүзеге асырудың жолдары қандай? Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр.  Батыстану – бұл тек батыс­тыңтехнология­лық жетістіктерін, экономи­калық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге адам құқығы, жеке адамның тұлғалық тұрпаты, діни сенімі, ұлттық төзім­ділік, әдептілік, т.б. мәдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау. Жаһан­дану барысында Батыс мәдени құндылық­тарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін .         Өйткені, өркениет бәсекесі қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады. Бәсеке  экономикада, саясатта, идеологияда, мә­дениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы басқа салалар­да қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, тех­нологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда Батыс өркениетінің қор­шаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарау­ға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мә­селеде бізге үлгі бола алмайды. Батыс өркение­тіне шамадан тыс еліктеуші­лік жақсылықтың нышаны емес. Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс­ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Олтоқырауға ұшыратады. Дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылық­тарды еш уақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады.Егер жаһандануды ұлттық мемлекеттік болмысқа икемдей алмасақ, оның ықпалына түсіп алып, жалаң еліктеуге ұрынатын болсақ, онда мемлекет те, сол мемлекетті жасап отырған ұлт та геосаяси тобырға айналып, рухани жаулаушы өркениеттің құлақкесті құлы болып қала береді. Сол үшін халық мұрасын қаймағы бұзылмаған өмір тәжірибесінен алынған қалпында қолдану ұрпақ үшін  пайдалы.Жастар өз елінің мәртебесін биіктету үшін ұлттық тәрбиені, өзін – өзі тануды жетік білу қажет. Сондықтан да  халқымыз ұлттық тәрбиеге, салт- дәстүрге ерекше мән берген. Ұлттық тәрбиенің мағынасын терең ұғынып, болашақ ұрпағымызға жас ата-аналарға сапалы да терең ұлттық тәрбие беруге тиіспіз. Әр отбасында өз балаларын еркелетіп, айтқанын жасап үйреткен ата-ана, енді өзінің ақылын баласы ескермейтіндей халге жетті. Осындай келеңсіз нәрселерді болдырмау үшін қолға алатын мәселе болашақ ұрпағымыздың саналы тәрбиелі болып өсуі үшін, халық болып, қоғам болып кірісуіміз қажет.

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодың сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай»-деп, елбасымыз  айтқандай  озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы-шарттарына айналдырып  елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алатын жастарды тәрбиелеу. Халықтың тағылымы мол тарихы мен қазынасы  ұлттық салт-дәстүрлеріміз елдің өркендеуінің қазығы. Соны бойына сіңірген жастар қадамын нық басады, болашаққа сенім­мен  қарайды.

Жастардың  санасын жаңғыртудың бағы­ты: бәсекелік қабілет.Жаһандық нарықта ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді, ата дәстүрімізді қастерлейтін, Мәңгілік ел тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзыретті азаматтарды қалыптастыру.Яғни тұтас ұлт бүгінгі заманғы қасиеттерге ие болуы үшін ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілін меңгеру, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына қажет. Білім алу, саламатты өмір салтын ұстану кәсіби тұрғыдан жетілу өмір талабы. Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туын­дайды.

Шынайы құндылықтардың  жарқын үлгілерін халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанған болса, бүгін мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен, қу медиен шөлге айналды.Осы немқұрайлылықты болдырмау үшін жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде қанымыздағы ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Ұлттық және жеке байлығымызды үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашаққа мақсат құрып,  басқа елдер қатарына жетуі үшін, «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» қасиеттерден арылып,бес дұшпаның, білсеңіз…». Абай айтқандай «…талап, еңбек, терең ой,қанағат, рақым ойлап қой,бес асыл іс көнсеңіз…» жақсықасиеттердісанаға ұялату қажет.

Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісіұлттық құндылықтарды   ұрпаққа бесіктен  сіңіру. Адам бір жылын ойласа – дән себеді, бар ғұмырын ойласа -ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа – ұрпақ тәрбиелейді», – деген екен данышпан ата-бабаларымыз.  Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

Ұлттық жаңғырудың  өзі ұлттық сананың кемелдендіру. Яғни, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Қазір қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Ол үшін  ұрпағымызға  ұлттық салт-дәстүрлерімізді  ана сүтінен дарытатын отбасылық тәрбиеге зор мән беру керек.

Соңғы  кезде  қазақ  халқының  табиғатына   тән  ана  сүтімен  сүйекке сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан тысқалып бара  жатқандаймыз. Өз  ұлтының өткені мен болашағына  бей-жай  қарайтын  тәрбиеден  тысқары  қалған жастар  аз емес.

Ата-ананы сыйлау  үлкенге  құрмет  көрсету,   кішіге ізет білдіру  әдеп

сақтаудан  хабарсыз  кей  жастардың  қылығы  әркімнің-ақ  намысына тиері сөзсіз. Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек деген елбасы сөзі  жастарға үндеу іспеттес.

Жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу. Постиндустриалды қоғам жағдайында экономикалық қатынастар екінші орынға ысырылып, шешуші рөлде сарапшылар ойнай бастайды, яғни алдыңғы орынға “білім өндіру” процесі шығады.Осыдан келіп, үстемдік “білімді игі-жақсыларға” – қоғамдағы ең лайықты адамдарға тиесілі болуы керек деген қорытынды шығады. Д.Беллдың пікірінше, меритократтар – ол “өз саласында ең мықты деп танылған”, “қайран қалуға тұрарлық”, бедел мен сыйға әбден лайықты адамдар.Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді деген соның дәлелі.«Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі  қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл  та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі.

Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды  ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы  парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осыұлттық тәрбие деп білеміз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Нұрсұлтан. Болашаққа бағдар: руханижаңғыру. – А., 2017 жылғы 12 сәуір.
  2. Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы. -А., 2015.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑