banner-top12

Керек кеңестер 7204415fc3f07869c90ecb876119b6e8

Қосқан уақыты Тамыз 22, 2019 | 79 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Сәбилі болғанда жәрдемақыны рәсімдеу

🤱Сәбилі болған ана бүгінде тиісті жәрдемақыны рәсімдеу үшін ХҚО-ға бармаса да болады.

💸 Бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін екі жәрдемақы түрі онлайн egov.kz  порталы арқылы рәсімделеді.

💻Қызметті онлайн алу үшін egov.kz порталында «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметін таңдап, ондағы өтінішті толтыру қажет. Өтініммен қоса банкте ашылған есеп-шотыңыздың нөмірін көрсетесіз.

⏳ Тапсырыс берген қызметіңіз бойынша жауап 7 күн ішінде келіп түседі.

❗️Ескерту* Бұл қызметті онлайн түрде 2008 жылғы 1 маусымнан кейін некелескен азаматтар ала алады (ол уақытқа дейінгі мәліметтер цифрлы форматқа ауыстырылып жатыр).

Бұл қызметті алушылар үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑