banner-top12

Ақпараттар ағымы 0_2798_4f59777b_XL-300x210

Қосқан уақыты Қазан 8, 2014 | 531 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

“Сәбимен шаңырақтың сәні кірер”

«Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы сізді “Сәбимен шаңырақтың сәні кірер” тақырыбына арналған қоғамдық отырыстарға шақырады.
Бұл қоғамдық отырыстарда біз қазіргі таңдағы жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін қайта құру қажеттігі туралы, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу шарасы ретінде отбасындағы қиындықты ерте бастан анықтаудың маңыздылығы жайлы, сондай-ақ Қазақстандағы әрбір бала өз құқығының орындалуына қол жеткізіп, отбасында тәрбиеленуі үшін жетім балаларды асырауға алатын отбасылар үлгісін дамыту хақында сөз қозғалады.
Отырыстарға жергілікті және халықаралық сарапшылар қатысады. Олар осы сала бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, әлеуметтік жетімдік мәселесін оңтайлы шешу механизмдерін және зерттеу нәтижелерін таныстырады.
Осы шара туралы мәліметті Сіздің әріптестеріңіз арасында таратуыңызды сұраймыз.
Өтетін күні: 15 қазан 2014 ж.
Өтетін уақыты: 11:00 – 13:30 (тіркеу сағат 10:00-да басталады)
Өтетін орны: Астана қ., ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының конференц-залы
Құрметпен, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑